14 ақпан 2017 12:08

ІІД сот үкімі шыққанда қол шапалақтаған қостанайлық полицейлердің әрекетіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ng.kz © ng.kz

Қостанайда пара алған полицейлерге сот үкімі шыққанда қол шапалақтаған әріптестерінің әрекетіне қызметтік тексеріс жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанайда пара алған полицейлерге сот үкімі шыққанда қол шапалақтаған әріптестерінің әрекетіне қызметтік тексеріс жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық Ішкі істер департаментіндегілер жергілікті полиция қызметкерлерінің әрекеті қатысты пікір білдірді. Жергілікті полицияның басшысы, полиция полковнигі Негмет Ысмағұловтың айтуынша, бұл дерек офицерлермен және полицейлермен өтетін жиналыстар барысында талқыланатын болады.

"Этикалық норманы бұзу мәселесін қарастыру үшін қызметтік тексеріс тағайындалды. Ашық сот отырыстары да өтеді - бұл Қостанай облыстық ІІД өкілдерінің жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алу үшін жүргізетін әдеттегі тәжірибесі", - деді облыстық баспасөз қызметіндегілер.


©  ng.kz

Еске сала кетейік, кеше, 13 ақпанда Қостанайда пара алған полицейлерге сот үкімі шыққанда әріптестерінің қол шапалақтағаны хабарланған болатын. Іс материалы бойынша, 2016 жылдың 23 маусымында "Рубеж" бақылау бекетінде жол-патрульдік полициясының екі қызметкері Арман Көпжасаров, Ермек Исанов және көші-қон полициясы қызметкері Алмат Кабенов күнбағыс майы тиелген КамАЗ жүк көліктері бекетте тұрып қалмауы үшін Дмитрий Штефановтан 7 000 теңге пара алған, дәл осы күні BMW X5 көлігінде мас күйде отырған ресейлік азаматтан жүргізуші куәлігінен айырмас үшін 100 000 теңге талап еткен. Өзімен бірге мұнша сома болмаған жүргізуші параны сол күні Қостанайдағы ағасы арқылы берген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети