02 қараша 2015 12:39

Данияр Ақышев ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Акишев. © Ярослав Радловский Данияр Акишев. © Ярослав Радловский

Қазақстан Парламентінің Сенаты жалпы отырыста Ұлттық банктің төрағасын тағайындау мәселесіне келісім беруді талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Парламентінің Сенаты жалпы отырыста Ұлттық банктің төрағасын тағайындау мәселесіне келісім беруді талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалпы отырысқа Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматуллин қатысты.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатына Данияр Ақышевты Ұлттық банктің төрағасы етіп тағайындауға келісім беру туралы өтініш жасаған болатын. "Қазір банкке және ұлттық валюта - теңгеге деген сенім азайды, бұған жол беруге болмайды. Елде теңге өтімділігінің тапшылығы сезіледі, экономиканы несиелеу көлемі төмендеуде. Бұлар - төмен көрсеткіштер, оларды түзету үшін жұмыс істеу керек. Ақышевтың білімі мен тәжірибесі оған осы міндетті атқаруға септігін тигізетініне сенімдімін. Парламент Сенатынан елдің қаржы жүйесінің игілігі үшін менің осы шешімімді қолдауды сұраймын", - деді Қазақстан Президенті.

Сенат Данияр Ақышевты Ұлттық банктің төрағасы етіп тағайындауға келісім берді.

"(...) Бүгін ҚР Президенті өз қаулысымен Қайрат Келімбетовті Ұлттық банктің төрағасы қызметінен босатты. (...) Данияр Ақышев Ұлттық банк жүйесінде бірнеше жыл қызмет еткен. Соңғы кездері Президенттің көмекшісі қызметін атқарды", - деді Нығматуллин жалпы отырыс барысында.

Сонымен қатар, сенаторлар Ақышевты бюджет пен қаржы саласындағы өз ісінің маманы деп атады.

Кейін Ақорданың ресми сайтына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Данияр Ақышевты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы жарлығы шықты.

Данияр Ақышевты тағайындалуымен құттықтап жатыр. © Тұрар Қазанғапов

Данияр Ақышев 1976 жылы туылған, Алматының тумасы. Экономист мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Кей жылдары Орта Азия қаржы биржасында жетекші экономист болып қызмет еткен. Сонымен қатар, Ұлттық банктің зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымда болды және сол департаментті басқарды. 2007-2014 жылдары ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды. Осыдан кейін ҚР Президентінің Әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде меңгеруші болып қызмет етті. Биыл тамыз айынан бастап Мемлекет басшысы көмекшісінің уақытша қызметін атқарды.

Бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы қызметінде Қайрат Келімбетов болған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети