15 қыркүйек 2016 16:30

Дәрігерлер Ақтауда зорланған қыздың жағдайы жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Дәрігерлер Ақтауда зорланған қыздың жағдайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Дәрігерлер Ақтауда зорланған қыздың жағдайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Балалар неврологиясы бөлімінің жетекшісі Алтыншаш Жақсыбаеваның айтуынша, 6 жастағы Викторияның миының қызметі тоқтап тұр, жағдайы аса ауыр. 

"Науқас бізге 27 тамызда ауыр жағдайда түсті. Бүгінге дейін ол стационар тәртібінде ем алып жатқанына 15 күн болды. Қосымша медикаментоз ұйқысыз 2 қыркүйектен бері жатыр. Содан бері сана-сезімінің деңгейі "Кома-3" деп бағаланған. Жағдайы өте ауыр.  Қалпына келу бойынша болжамдар қанағаттанарлық емес. Өкінішке қарай, оқиғадан кейін миына ұзақ уақыт бойы оттегі түспеген. Қазіргі уақытта миы біздің стимулдандыруымызға әсер етпей жатыр. Яғни, баланың миы қызмет етпейді деуге болады. Бала тірі қала ма деген сұраққа сеніммен жауап бере алмаймын. Себебі қазіргі уақытта ол аппаратқа қосылған", - деді қыздың емшісі.

Қыздың әжесі Анжелика Насирова немересі айығып кетеді деп сенеді.


Анжелика Насирова. © Тұрар Қазанғапов

"Сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімдемін. Ішімнен бірдеңе кескілеп жатқандай. Зорлаушы ұсталды дейді. Бірақ оған өлім жазасын беру ең оңай жолы. Алты жасар қызымыздың қандай қорлықты бастан өткергенін түсінесіздер ме? (...) Оның жағдайының нашар екеніне қарамастан, аман қалады деген үміттеміз. Сондықтан да мұндай жағдайдың қайталанбауын қалаймын, 2-3 айдан кейін босап шығатындар да бар, мұндай қайталанбаса екен. Оны 2011 жылы психиатрлық аурухананың есебінен шығарған деп естідік, бірақ 2016 жылы осындай жағдай болып отыр. Біздің баламыз оның құрбаны болды. Одан айырылып қалуымыз мүмкін. Ол - Ақтау тұрғыны, 28 жаста, отбасы бар, баласы да бар деп жатыр", - дейді Викторияның анасы.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған. Осыдан кейін қыз табылып, ауруханаға жеткізіледі. Кейін Астанадағы ауруханаға тасымылданды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети