20 мамыр 2016 17:55

Дәрігерлер Жезқазғанда қоқыстан табылған нәрeстеге есім берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Жезқазғанда қоқыстан табылған нәрестеге Елжас деген есім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Дәрігерлер Жезқазғанда қоқыстан табылған нәрестеге Елжас деген есім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Дәрігерлер баланың есімін Елжас деп қойды. Әрине, ол ресми түрде емес, тек өз арамызда. Оған есім берілу керек қой. Қазір сәбидің жағдайы жақсарды. Оған өз бетімен демалуы үшін өкпесіне жасанды вентиляция қосылды. Дәрігерлер сәбидің жағдайы орташа деп бағалап отыр. Қан қысымы мен пульсі қалыпты, ауытқушылығы жоқ", - деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде оның туған анасы нәрестені қайтарып алғысы келетіні туралы мәлімет тараған болатын. Прокуратурадағылар бұл жайында хабары бар екенін түсіндірді. Алайда олар тергеу жұмысының жүргізіліп жатуына байланысты басқа ақпарат айта алмайды.

Ішкі істер департаментіндегілер қыздың ешқайда кетпеу туралы қолхат жазғанын хабарлады. Әзірше бұл іске әкесінің сыбайлас болған-болмағаны анықталмады. "Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр, бұл іс туралы баспасөз қызметінің ақпарат таратуға құқы жоқ. Дегенмен тергеушілер әзірше ер адамның бұл іске қатысын растамады", - деді Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінің басшысы Батырхан Смайылов.

Еске салайық, жаңадан мерзімі жетпей туған 5-6 айлық нәрестені Жезқазған қаласына жақын жердегі Кеңгір ауылынан өтіп бара жатқан адамдар тапқан болатын. Нәрестенің табылғаны жайлы бірінші ақпаратты қолданушы Людмила Экзархова Facebook әлеуметтік желісінде жария етті. "Өтіп бара жатып, естіп қалдық, мысықтың даусына ұқсады, айналаны іздей бастадық, бір әйел қоқыс жәшігіне түссе қап қозғалып жатыр екен, оны ашқанда нәрестенің беті көрінді, аузы әжетхана қағазымен жабылыпты, оны алып тастап еді, қатты жылай бастады, киімін шешіп, орағаннан кейін алып кетті", - деп жазды Людмила Экзархова.

Тергеушілер "Анасының өз нәрестесін өлтіруге оқталуы" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети