Дариға Назарбаева Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дариға Назарбаева Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды © Tengrinews.kz

Дариға Назарбаева Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дариға Назарбаева Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының бұйрығымен Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысында өмірге келген. 1980-1983 жылдары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыды. 1983-1985 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінің студенті болды. 1985-1987 жылдары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті тарих факультетінің тағылымдамадан өтуші-зерттеушісі. 1987-1990 жылдары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты болды. 2012 жылдың қаңтарында депутат болып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне төрағалық етті. 2014 жылдың 3 сәуірінен бастап ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары болып сайланды және "Нұр Отан" ХДП Парламент Мәжілісіндегі фракция төрағасы болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.76  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети