18 ақпан 2016 14:24

Дариға Назарбаева салық төлемейтіндерге: Сараң болмай, бөлісе білу керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Қазақстанда салық мөлшерінің дамыған елдердегі сияқты жоғары емес екенін азаматтардың есіне салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Қазақстанда салық мөлшерінің дамыған елдердегі сияқты жоғары емес екенін азаматтардың есіне салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елде әлеуметтік саланың жоғарғы деңгейде дамуын, сапалы жолдар салынуын, балаларымыздың жақсы білім алып, қартайған шақта жақсы өмір сүруді қалайтын әрбір азамат салық төлеуі тиіс. Ол бізге ұнай ма, жоқ па маңызды емес. Дамыған елдердің барлығы осының арқасында өсіп жатыр, көп елде салық мөлшері біздегіден екі-үш есе артық", - деді Назарбаева ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің алқа мәжілісі барысында.

Ол Скандинавия елдерінің азаматтары табыстарының 60-70 пайызын салыққа жіберетінін мысал етіп келтірді. "Бізде либералдық салық саясаты енгізілген, сондықтан да, сараң болмай, салықты төлеп, тыныш ұйықтаған жөн", - деді Назарбаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети