Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталды - Қасымов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталды - Қасымов Денис Тен. © РИА Новости/Александр Вильф

Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеу аяқталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Парламент Сенатының пленарлық отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеу аяқталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Парламент Сенатының пленарлық отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тергеуді аяқтадық. Бірақ іс материалдарымен танысу процесі әлі жүріп жатыр. Ол процесс аяқталған соң іс бірден сотқа жолданады. Іс материалдарымен танысуға қанша уақыт керек десе де, ол олардың құқығы (осы істегі фигуранттар - автор)", - деді ІІМ басшысы.

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети