22 тамыз 2014 14:37

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің комитет басшылары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің комитет басшылары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің комитет басшылары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлікте өткен аппараттың кеңейтілген кеңесінде сала басшысы Тамара Дүйсенова ұжымға комитеттердің төрағаларын таныстырды: Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы - ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Ақмәди Сарбасов, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы - Назарбек Бейсен, Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің төрағасы - Алмас Құрманов.

Бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен ведомство жетекшілері тағайындалған болатын: бірінші вице-министр Салидат Қайырбекова, жауапты хатшы - Аида Құрманғалиева, вице-министрлер - Дәулет Арғандықов, Светлана Жақыпова, Серікбол Мусинов.

Еске сала кетейік, 6 тамызда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев ведомстволарды қайта құрған болатын. "Үкіметтің 12 министрліктен, 30 комитеттен тұратын жаңа құрылымы жөнінде шешім қабылдадым. 17 министрлік, тоғыз агенттік, 54 комитет пен 272 департаменттің орнына", - деген болатын Назарбаев.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети