16 қаңтар 2017 19:42

Депутат Жамалов ХҚКО-да қайтыс болған адамдардың туыстарынан кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов ХҚКО-да қайтыс болған адамдардың туыстарынан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов ХҚКО-да қайтыс болған адамдардың туыстарынан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"БАҚ-қа берген сұхбатыма байланысты айтқым келеді. Бірінші кезекте ХҚКО-да қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамын. Сонымен қатар, күтпеген сұраққа жауап берген сәтімде қате сөз сөйлегенім үшін кешірім сұраймын. Оқиғаға байланысты тағы да көңіл айтамын, кешірім сұраймын", - деді Жамалов.

Айта кетейік, депутат осыған дейін сөзінің дұрыс түсінілмегенін айтқан еді. "Мен адамның кез келген жерде қайтыс болуы мүмкін екенін айтқым келді, ал мені жоқ жерден жалмауызға айналдырды", - деген еді ол. 

Жамаловтың айтуынша, депутат баспасөз өкілдеріне үкімет сағатындағы мәселелер жайындағы сұрақтарға жауап беруі тиіс еді, нақтырақ айтқанда ол кеден және салық әкімшіліктендіруі жайлы айтпақ болыпты. Бірақ ол Бишімбаевтың ұсталуы, БЖЗҚ-ға қатысты қылмыстық іс және уақытша тіркеуге байланысты сұрақтар қойылады деп күтпепті. 

Еске салайық, бүгін, 16 қаңтарда Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында 1964 жылғы Кунтаков Жарас Нуркибайұлы қайтыс болды. Ол орталыққа тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін келген. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері оқиға кезінде "ХҚКО-да адам саны көп болмаған" дейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети