22 маусым 2015 14:04

Депутат Перуашев пен министр Сәрінжіповтен полиция жауап алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен мәжіліс депутаты Азат Перуашевтан полиция жауап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен мәжіліс депутаты Азат Перуашевтан полиция жауап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанада өтіп жатқан брифингте министр Аслан Сәрінжіпов пен депутат Азат Перуашевтың арасында туындаған жанжалға байланысты пікір айтты. Депутат министрдің өзіне қаратып айтқан сөзін тіл тигізу деп есептейді.

"Қылмыстық іс қозғалды, олардан жауап алынды. Біз филологиялық, сот сараптамасын тағайындадық, нәтижесіне қарай шешім қабылдаймыз", - деді Ішкі істер министрі.

Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісінде "Ақ жол" партиясы фракциясының депутаты Азат Перуашев министрдің заңды өзгерту туралы ұсынысына орай Аслан Сәрінжіповке ҚР Білім және ғылым министрі қызметінен кетуді ұсынған болатын. "Заңды үнемі өзгерте бергеннен кейде министрді ауыстыру тиімдірек", - деді депутат.

Аслан Сәрінжіпов Перуашевке елімізде жоғары оқу орындарын аккредитациялау неліктен жүргізілмейтінін түсіндіріп берді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети