23 сәуір 2014 11:50

Депутат Үкіметке қымыз бен шұбат туралы заң жобасын әзірлеуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдан Смайыл ©Тengrinews.kz Алдан Смайыл ©Тengrinews.kz

Бүгін Мәжілістің отырысында депутат Алдан Смайыл Үкіметке ұлттық тағамдар туралы заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныс айтты. Еске сала кетейік, жалпы отырыста алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын мемлектетік реттеуге арналған заң жобасы талқыланған болатын, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Мәжілістің отырысында депутат Алдан Смайыл Үкіметке ұлттық тағамдар туралы заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныс айтты. Еске сала кетейік, жалпы отырыста алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын мемлектетік реттеуге арналған заң жобасы талқыланған болатын, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Біз талай ұсыныс бердік, бірақ соған құлақ түрген ешкім жоқ. Арақ-шараптың орнына ұлттық тағам қымыз бен шұбатты көбейту туралы айттық, ешкімнің қаперіне келмеді. Түсініксіз. Неге арақтың төңірегіне үйіріле береміз, пайдалы іске неге жұмылмаймыз? Менің соған орай, Үкіметке тілегім бар: Арақ-шарап туралы заңды қабылдадыңыздар, енді ұлттық тағамдар туралы заң жобасын әзірлеңіздер. Біз ұлтқа керексіз дүниені қабылдай бермей, өзімізге қажетті заңдарды қабылдайық. Үкімет істемесе депутаттар ондай заңды өзіміз жазайық", - деді депутат Алдан Смайыл бүгін Мәжілістің жалпы отырысында.

Осы ретте депутат ұрпақ қамы үшін заң басқаша болуы керектігін алға тартады. "Ұрпағын ойлаған елдерде заң басқаша. Норвегияда болдық, ол елде демалыс пен мейрам күндері ресторан мен дүкеннің ешқайсысында арақ сатпайды. Егер сататын болса, лицензиядан біржолата айрылады. Сонда Норвегия арақтан түсетін пайданы ойламай отыр ма? Олар ұрпақ үшін осындай әркетке барып отыр", - дейді А. Смайыл. Сонымен қатар, депутат Ресейдің Тува, Якут секілді елдерінде арақ зардабына қарсы күрес жүріп жатқанын алға тартады. Қазір сол елдерде біршама жағымды құбылыс та орын ала бастаған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети