02 сәуір 2014 19:50

Депутаттар Премьер-министр қызметіне Мәсімовтің кандидатурасын мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәрім Мәсімов. ©Flickr.com Кәрім Мәсімов. ©Flickr.com

Қазақстан Үкіметі басшылығына Кәрім Мәсімовтің кандидатурасы мақұлданды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Үкіметі басшылығына Кәрім Мәсімовтің кандидатурасы мақұлданды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Отырыс барысында Мәжілістің комитет төрағалары Кәрім Мәсімовтің тәжірибесін атап өтіп, оның ҚР Премьер-министрлігіне кандидатурасын мақұлдады", - делінген хабарламада.

"Бұл кандидатура қазіргі жағдайда тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін мейлінше лайықты деп есептеймін", - деп атап өтті Президент. Ол Кәрім Мәсімов басқарған жылдары Үкімет рецессия мен жұмыссыздықтың кең етек алуына жол бермегенін айтты.

Елбасының пікірінше, қазіргі жағдай тиімді жұмыс үшін жаңа команданы талап етеді. Мемлекет басшысы бүгінде елімізге шетелдік инвесторларды тарту қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, ол жуырда Гаагада болғанда көптеген халықаралық қаржы инстиуттарының өкілдерімен келіссөз жүргізгенін және олардың көбінің Қазақстанға келуге дайын екенін баяндады. Сонымен бірге, Президент экономиканы қолдау үшін Ұлттық қордан триллион теңге бөлу туралы шешім қабылдағанын еске салды. Дегенмен қазіргі Үкімет бұл жұмысты іске асыруға қатысты өз ұсыныстарын айтпаған.

Елбасы Кәрім Мәсімов туралы "Бұл адам бәрімізге белгілі, ол туралы көп айтудың қажеті жоқ", - деді. Мәсімовті қолдап, Мәжілістің 105 депутаты бірауыздан дауыс берді. "Саған екінші рет осылай дауыс беріп отыр, енді еңбек ету керек", - деді Президент.

Бұған дейін Серік Ахметовтің отставкаға кеткені хабарланған болатын. Кейін Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр қызметіне Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын ұсынды.

Мәжілістің фракция жетекшілерімен кездескен Президент Назарбаев Үкіметтің қазіргі құрамы өзіне артылған міндеттерді орындағанын айтып, алғыс білдірді. Дегенмен ол қазіргі халықаралық экономикалық ахуалды ескерген жағдайда «Қазақстан – 2050» стратегиясының мақсаттарына жету жаңа қатынастарды талап етіп отырғанын айтты. Нұрсұлтан Әбішұлы бұл орайда Кәрім Мәсімовтің тиісті тәжірибесі мен білімі бар екенін атап өтті. "Әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуге байланысты қойылған міндеттер өз шешімін талап етеді. Ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында бізде де қиындықтар болуы мүмкін. Қазір халықаралық қаржы институттарымен жұмыс істей білу және елімізге инвестиция тарту қажет болып тұр. Бұл мәселелердің барлығын істі білетін адам басқаруы керек", - деді Елбасы.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети