20 сәуір 2017 14:29

Дін істері комитеті тұмшаланған киім жайлы: Әдетте әйелдер өз еркімен кимейді, күйеулері міндеттеп қояды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде қара киім киюге тыйым салады делінген заң жобасы Парламентке күзде түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дін істері комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Күлекеевке сілтеме жасап.


Елімізде қара киім киюге тыйым салады делінген заң жобасы Парламентке күзде түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дін істері комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Күлекеевке сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы кеше бас мүфти мен имамдарға айтқан міндеттерге байланысты нақты тапсырмалар болады. Біз осы мәселені қарастырамыз, бастапқы кезде заңнама базамызды, халықаралық тәжірибені түгелдей зерттейміз, қазір неге және қалай тыйым салынатыны жайлы айту қиын. Қазіргі уақытта министрлік діни қатынастар саласын реттейтін заң жобасын әзірлеп жатыр, міне, осы заң жобасының аясында біз нені, қалай және қандай деңгейде шектеуді немесе реттеуді ойласамыз", - деді спикер. 

Күлекеев бұл мәселенің бүгін ғана туындамағанын, қоғамның осы мәселеге назар аударуды талап еткенін айтып өтті. 

"Адамдар діни себептен я басқа бір себептен осы бір тұмшаланған киімді киіп, әйелдеріміз бетін толық жауып, ерлер елге жария түрде сақал өсіреді - бұл жайдан-жай жасалмайды ғой. Бұл адамның өзі үшін және бейбіт сипат алса, бұған ешкім назар аудармайтын еді. Салафиттерге тән сақал қойып, балақ қысқартып, бұл образды басқаларға таңады, бұл өз кезегінде қоғамда наразылық туғызады, себебі дәстүрлі құндылықтар мен өмірге деген көзқарасты жояды", - дейді ол.

"Бұл сақтықпен қарайтын мәселе, оңай емес. Қоғам пікірі талқыланады. Бұл мәселе оңай шешіледі деп ойламаймын, себебі белгілі бір мүдделер мен азаматтардың құқығына қатысты, меніңше, тиімді шешім жасаймыз. Әдетте мұндай құжаттар күзде шығады. Қазан айына таман үкіметке жобамызды ұсынамыз", - деді ол.

"Бұл мәселемен Қазақстан ғана емес, әлемдік қауымдастық бетпе-бет келді, дінді саясатпен байланыстырады, сыртқы келбет адамның рухани қалпынан жоғары қойылады. Мәселен, Еуропа паранджа мен никабқа тыйым салды. Біз де осы мәселемен айналысамыз, барлығы да қабылданған басым дәстүрлердің мүддесіне сай болуы тиіс", - деді Күлекеев.

"Президент қара киімге, тұмшаланғандарға назар аударды, яғни әйел толықтай жабық болуы керек деген мәселеге қатысты пікір айтты. Белгілі бір деңгейде бұл әйелдердің құқығы мен бостандығын шектейді. Әдетте әйелдер өз еркімен кимейді, күйеулері міндеттеп қояды", - деп мәлімдеді ол.

Айта кетейік, кеше, 19 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен кездесуінде қысқа балақ пен ұзын сақалдың біздің дәстүрге сай келмейтінін айтып, мұндайға заң жүзінде тыйым салуды ұсынғаен еді. 

"Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді", - деген еді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети