06 қыркүйек 2017 14:49

Дуда Назарбаевқа: Кездесулеріміздің бәрін зор қуанышпен еске аламын

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Анджей Дудаға "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында Польшаның ұлттық күнін өткізуге қатысқаны үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Анджей Дудаға "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында Польшаның ұлттық күнін өткізуге қатысқаны үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бүгін біз Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысамыз. Былтырғы тамызда Польшаға жасаған сапарымды жылы сезіммен еске аламын. Мұндай байланыстар екі елдің ынтымақтасуға деген ниетінің зор екенін білдіреді", - деді Қазақстан Президенті.


© Akorda.kz

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттеріміз арасындағы екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту үшін ешқандай кедергі жоқ екенін атап өтті.

"Қазақстан поляк бизнесмендері үшін ашық. Сіздің өтінішіңізбен елдеріміздің астаналары арасында тікелей әуе рейсі орнады. Осы әуе қатынасына екі мемлекет тұрғындарының сұранысы жоғары екенін және бұл халықтарымыздың тығыз байланыстар орнатуға мүдделілігін білдіретінін атап өткен жөн", - деді Мемлекет басшысы.


© Akorda.kz

Польша Президенті Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан-Польша бизнес-форумының жұмысына бірлесе қатысудың маңызды екенін айтты.


© Akorda.kz

"Мен біздің кездесулеріміздің бәрін зор қуанышпен еске аламын. Сіздің Польшаға былтырғы сапарыңыз елдеріміздің экономикалық ынтымақтастығын дамытуға зор үлес қосты. Сіздің сапарыңыз осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға тың серпін бергенін ерекше атап өткім келеді. Польшадан Қазақстанға жеткізілетін тауар көлемі 50 пайызға, ал Қазақстанның Польшаға жолдайтын тауары 80 пайызға артты. Осылайша, Сіздің бізге келген сапарыңыздың нәтижесі айқын көрінуде. Мен соған қуаныштымын", -  деді Дуда.

Еске сала кетейік, осыған дейін 6 қыркүйекте Астанаға Польша президенті Анджей Дуданың келетіні хабарланған болатын. Сондай-ақ, Польша президентімен кездесу аясында қазақстандық-поляк бизнес-форумының өтетіні айтылады. Онда Назарбаев пен Анджей Дуда қатысады деп жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети