19 мамыр 2017 15:43

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қашан өтетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© voxpopuli.kz © voxpopuli.kz

Бүкіләлемдік қазақтар ассоциациясы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қашан болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүкіләлемдік қазақтар ассоциациясы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қашан болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүкіләлемдік қазақтар ассоциациясының директоры Күлғазира Балтабаеваның айтуынша, құрылтай Астанада 23-24 маусымда өтеді.

"22 маусымда құрылтай қатысушылары Астанаға келеді. 23 маусымда құрылтайды Қазақстан Президенті, Бүкіләлемдік қазақтар ассоциациясының төрағасы ашады. Кейінірек құрылайдың өкілдері сөз сөйлейді", - деді Күлғазира Балтабаева.

Оның айтуынша, құрылтайға 39 елден 700 адам қатысады. Сондай-ақ, ол қонақтар үшін Астанада экскурсия ұйымдастырылатынын, этноауылдарға және "Қыз Жібек" операсына бару мүмкіндігі болатынын айтып өтті. "Құрылтайдың барлық делегациясы EXPO-2017 көрмесіне барады. Жарғыға сәйкес, құрылтай бес жылда бір рет өткізіледі. Оны Бүкіләлемдік қазақтар ассоциациясы ұйымдастырады. Сондай-ақ, Асқар Маминнің басшылығымен арнайы республикалық комиссия құрылған", - деді Күлғазира Балтабаева.

Еске сала кетейік, осыдан 25 жыл бұрын Дүниежүзі қазақтарының бірінші Құрылтайы өткен болатын. Ол Алматыда өткізілген еді. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети