07 қазан 2016 13:39

Дүйсенова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын кімнің басқаратынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Министр Дүйсенова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын кімнің басқаратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінде "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды.


Министр Дүйсенова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын кімнің басқаратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінде "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды.

Тамара Дүйсенова сұрақтарға жауап бере отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түсетін қаражаттарға кімнің жауапты болатынын айтты.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын кім басқарады? Денсаулық сақтау министрлігі, Үкімет немесе Қаржы министрлігі? Бұл маңызды мәселе: кім осындай үлкен сомадағы қаражатты басқарады?", - деп сұрақ қойды Дүйсеноваға Халықаралық фармацевтикалық өндірушілері қауымдастығының төрағасы Вячеслав Локшин.

"Бұл коммерциялық ұйым емес. Қазіргі уақытта заңнамаға сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі уәкілетті орган болып саналады... Бұл қор 26 қыркүйекте тіркелген болатын. Біз қазір бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Қорды директорлар кеңесі, ҚР Ұлттық экономика министрлігің басшыларынан құралған кеңес, Қаржы министрлігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі басқаратын шығар", - деп жауап берді Тамара Дүйсенова.

Ведомствоның мәліметінше, заң жобасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (әрі қарай - Қор) төленетін аударымдар мен жарналардың төлеу мерзімін өзгертуді, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесінің барлық процестерінің іске қосылуын қарастырады.

Осылайша, мемлекеттің Қорға төлейтін жарнасының мерзімі 2017 жылғы 1 шілдеден 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылды.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын  жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, жеке тұлғалардың Қорға төлейтін аударымдары мен жарналарын 2017 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 шілдеге ауыстыру жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, аталған заң жобасы орта білім беру ұйымдарындағы оқушыларға тәулік бойы бақылау жасалмайтын медициналық қызметтердің функцияларын денсаулық сақтау ұйымдарына беру бойынша "Білім туралы" ҚР Заңына да өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратыны айтылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 18 қарашада ҚР Президенті Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 80 қадамын жүзеге асыру шаралары аясында жасалған "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заңына қол қойды. Аталған құжат үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді қарастырмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети