15 қазан 2014 11:11

Егде жүргізушілер 2 жыл сайын медициналық тексерістен өтетін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©doctor-pulse.ru ©doctor-pulse.ru

65 жасқа жеткен жүргізушілер екі жыл сайын медициналық тексерістен өтуге тиіс болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.


65 жасқа жеткен жүргізушілер екі жыл сайын медициналық тексерістен өтуге тиіс болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

2014 жылдың 20 қазанынан бастап іс жүзіне енетін "Жол қозғалысы туралы" заңға сәйкес, механикалық көлік құралдарының 65 жасқа жеткен жүргізушілері әрбір екі жыл сайын қайтадан медициналық тексерістен өтіп тұруы керек.

"Қазіргі уақытта барлық жүргізушілер жүргізуші куәлігін мерзімі бітуіне (10 жыл) байланысты ауыстырған кезде медициналық тексерістен өтуге міндетті. Аталған заңды күшіне енгізгеннен кейін бұл талап жасы 65-ке дейінгі жүргізушілерге ғана арналатын болады", - деді Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина.

Сол сияқты заң жолаушылар мен қауіпті жүк тасымалын орындайтын жүргізушілерге үш жыл сайын және олардың 50 жасқа жеткендеріне жыл сайын медициналық тексерістен өтуді міндеттеуді қарастырады. 

Жаңа заңға сәйкес, жүргізушілердің медициналық тексерістен дер кезінде өтуі жүргізуші куәлігін берерде, ауыстырарда немесе оны тәркіленгеннен кейін қайтарған кезде, автокөліктің жол қозғалысына қатысуына рұқсат берерде және көлік жүргізушісін жұмысқа қабылдаған кезде қадағаланатын болады.

Жүргізушіден тиісті тізімге енгізілген ауру түрі немесе көлік құралын басқаруға тыйым салатын немесе шектеу қоятын белгілер анықталған жағдайда уәкілетті орган, жұмысқа алушы немесе денсаулық сақтау ұйымы оны себебін көрсете отырып, медициналық тексерістен қайтадан өтуге бағыттайды.

Автокөлікті мас күйде басқарғаны немесе көлікті басқаруды мас күйдегі адамға бергені үшін және мас күйде медициналық куәландырудан өтуден жалтарғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылған тұлғалар құқығы қалпына келтірілгеннен кейін бір айдан асатын уақыттан соң қайтадан медициналық тексерістен өтуі тиіс.

"Медициналық тексерісті өткізу денсаулық сақтау органдарының құзырында. Медициналық тексерістің мақсаты - жүргізушілерден жүргізуші қызметіне медициналық жағынан қарсы белгілерді немесе шектеулерді анықтау", - дейді баспасөз хатшысы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети