01 шілде 2014 19:40

Екі жүздей қазақстандық саяхатшы Түркиядағы демалысынан елге қайта алмай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай қаласының әужейы. Сурет:  ©aeroport.kz Қостанай қаласының әужейы. Сурет: ©aeroport.kz

Рейстердің топтап қалу салдарынан шамамен 200-ге жуық қазақстандық саяхатшы Түркиядағы демалысынан қайта алмай жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Гүлнар тур" туристік компаниясының заңгері Ирина Самойлова айтып берді.


Рейстердің топтап қалу салдарынан шамамен 200-ге жуық қазақстандық саяхатшы Түркиядағы демалысынан қайта алмай жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Гүлнар тур" туристік компаниясының заңгері Ирина Самойлова айтып берді.

Оның ақпараты бойынша, қазақстандық саяхатшылардың ұшақтары екі күннен астам кідіріп тұр. Салдарынан Анталиядан Қостанайға, Ақтөбеге сондай-ақ, Бодрумнан Алматыға ұшатын саяхатшылар зардап шеккен. Жалпы бас-аяғы 242 адам өздерінің Түркия жеріндегі демалыстарын мәжбүрлі түрде одан әрі жалғастыруда. Туристік компания өкілінің айтуына қарағанда, мұндай жағдай Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің отандық Jet Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақтарды бағытқа қоюдан бас тартқан соң болған. 

"Мұндай жағдайларға байланысты біз ұшақтарды ауыстырудың әрекетін қарастырып жатырмыз, әзірге сәтсіз. Сондай-ақ біз Комитет басшыларына тым болмаса арнайы шақыртумен баратын рейс жасауға рұқсат сұрап отырмыз, бірақ жауап әлі де жоқ. Біз қазір саяхатшыларға сол жақтағы қонақүйлері үшін қосымша уақыттарын төлеп жатырмыз. Басты сауал, дәл қазір саяхатшыларды ол елден қалай алып кету болып тұр. Мүмкіндігінше біз қазір 5-8 адамнан алып кетіп жатырмыз, бірақ, қазір нағыз демалыс уақыты болғандықтан барлық әуекомпанияларының борты бос емес", - дейді Самойлова. 

Осы орайда Tengrinews.kz редакциясына саяхатшылардың өздері де хабарласып жатыр. Олар Түркиядағы демалыстары аяқталып елге қайта алмай отырған саяхатшыларда өзге, Қостанайдан Анталияға, Алматыдан Бодрумға ұшып кете алмай жатқан адамдар бар екенін айтады. Бұған дейін ААК чартерлік рейстердің өз уақытында қатынауы үшін үш жақ - әуекомпания, туристік компания және ұшақты қабылдайтын елдің әуеқызметіндегі басшылары қабылдайтынын айтқан болатын. "Қазақстандық чартерлік рейстердің ұшып кетуіне Қазақстан басшыларының рұқсаты қажет емес. Сонымен қатар чартерлік рейстердің ұшуын Travel System,  "Гулнар тур" компаниясының чартерлік рейстері үшін ААК жауап бермейді. Олар тек тапсырыспен ұшатын болғандықтан оған туристік компания болмаса әуекомпаниясы жауап береді", - дейді ведомства өкілі.  

Бұған дейін шашамен 140 қазақстандық саяхатшы Түркиядағы демалыстарынан уақытылы келмегені туралы хабарланған еді. "Гулнар тур" компания қызметкерлерінің ақпараты бойынша, қазақстандық саяхатшылар мінген ұшақ техникалық ақауларға байланысты ұшып кете алмапты. Бұл кезде барлық адамдарға рейстің кідіретіні туралы хабарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети