27 наурыз 2016 15:18

Экипаж командирі Bek Air ұшағын қалай қондырғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Апат жағдайында қонған ұшақтың экипажы. © Баспасөз қызметі Апат жағдайында қонған ұшақтың экипажы. © Баспасөз қызметі

Bek Air әуе компаниясының "Фоккер-100" ұшағының пилоты Дмитрий Родин шассиі жоқ ұшақты қалай қондырғаны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Bek Air әуе компаниясының "Фоккер-100" ұшағының пилоты Дмитрий Родин шассиі жоқ ұшақты қалай қондырғаны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл менің өмірімді бірінші рет болды, қайталанғанын қаламаймын. Бұл сирек кездесетін құбылыс. Менің жолым болды. Мен училищені аяқтағаннан бері авиациядамын. Ал осы әуе компаниясында жұмыс істеп жатқаныма екінші жыл", - деді Родин. Ол 1981 жылы авиация училищесін аяқтапты.


Куәгерлер жолдаған суреттер

"Біз ұшып келіп, шассиді шығара бастағанбыз, бірақ ол шықпай қалды. Қазір шассидің неліктен істен шыққаны анықталып жатыр. Бұл - техникалық ақау. Мұндай жағдайларға бізде нұсқаулықтар көп, біз сондағы ереже бойынша әрекет еттік, осылайша қонуға тура келді. Ұшақтың басын соңына дейін түсіруге тырыстым, өзі баяу ғана түсті. Елестетіп көріңіздерші, ұшақ үлкен жылдамдықпен асфальттің үстінде қонды. Әуежайдағы жолаққа көбік құйылды, бұл арнайы жасалды", - деді Родин. Қазіргі уақытта онымен прокуратура органдары жұмыс істеп жатыр екен. 


Әсет Исекешев Астанада апатты жағдайда қонған ұшақтың экипажымен әңгімелесіп тұр. © ҚР ИДМ

ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Facebook желісінде былай деп жазба қалдырды: "Қазір ғана әуежайдан шықтық. Құдайға шүкір, ешкім зардап шеккен жоқ, өлім-жітім болған жоқ. Соңғы жолаушылар шұғыл эвауация кезінде салонға тастап кеткен заттарын алып, үйді-үйлеріне тарады. Арнайы комиссия тергеуді бастап кетті. Экипаждың, әсіресе командирдің шеберлігі мен табандылығын, жердегі қызмет өкілдерінің үйлесімді жұмысын атап өткім келеді. Экипажды мемлекеттік және ведомство сыйлықтарына ұсынамыз".

Осыған дейін Bek Air әуе компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов алдыңғы шассисіз қонған ұшаққа қатысты түсінік берген еді. "Шасси толықтай ашылмай қалды. Ұшақты шассисіз қондыру жөнінде шешім қабылданды. Ұшақтың артқы шассиі ортаға қойылып, қонды. Әуежай бұл кезде қону алаңын көбікпен жапты. Ұшақ 30 метрдей жерге өтіп барып тоқтады, зақым минималды. Ұшақтың командирі Виктор Родин - жарады, барлығын дұрыс істеді", - деді әуе компаниясының басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін Bek Air әуе компаниясының Қызылордадан ұшып келген ұшағы Астана әуежайында апатты жағдайда қонған болатын. Ұшақ алдыңғы шассисіз қонған. Оқиға сағат 10.30-да болды. Айта кетейік, апатты жағдайға байланысты әуежай жұмысын сағат 13.00-ге дейін тоқтатты. Сонымен қатар, командир мен екінші пилот үкіметтік сыйлыққа ұсынылады екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети