14 сәуір 2014 16:07

Экономиканы ынталандыруға Ұлттық қордан 500 млрд теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

2014 жылы экономиканың өсуін қолдауға және ынталандыруға 500 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.


2014 жылы экономиканың өсуін қолдауға және ынталандыруға 500 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

"Экономиканың өсуін ынталандыруға арналған негізгі қаржы көзінің бірі Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлттық қордан бөлінетін 1 трлн теңге болмақ. 2014 жылы бөлінетін 500 млрд теңгенің 100 млрд-ы шағын және орта бизнесті қолдауға және несиелендіруге, 250 млрд теңге банк секторын оңалтуға, 150 млрд теңге ҮИИД-2 бағдарламасын іске асыруға жұмсалады",- деді министр өз сөзінде.

Досаевтың айтуынша, өсуді ынталандырудың және жұмыспен қамтуды қолдаудың маңызды тетігі "Жұмыспен қамтудың Жол картасы" болмақ. Бұл бағдарламаны қаржыландыруға ағымдағы жылы 97,7 млрд. теңге қарастырылған. 2014 жылдың бірінші маусымына дейін 2015-2019 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы жобасын жасау аяқталуы тиіс.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан шағын және орта бизнес субъектілерін ұзақ мерзімге несиелендіру үшін 1 триллион теңге бөлінетінін мәлім еткен болатын. "Еліміздің экономикасына шұғыл қолдау көрсету үшін мемлекет қорын пайдалануға тура келіп отыр. Экономиканы ұзақ ресурстармен қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 1 трлн теңге көлемінде несие бөлуді тапсырамын", - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети