13 ақпан 2014 15:30

"ЭКСПО 2017" кезінде визалық тәртіп жеңілдетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

иллюстрация ©Алаш айнасы иллюстрация ©Алаш айнасы

"ЭКСПО 2017" - Халықаралық көрме өткізілетін 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанда визалық тәртіп жеңілдетіледі" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы Комитеті төрағасының орынбасары Әсет Мұсағалиев ТМД елдері арасындағы туризмді дамытуға арналған "Астана - Мәскеу - Киев - Кишинев - Ереван" мультимедиялы бейнекөпір кезінде мәлімдеді. "ЭКСПО-2017-ге" дайындық қызу жүріп жатыр. Соның аясында 2017 жылы елордамыз Астана қаласында өткізілетін халықаралық шара кезінде Қазақстанға жеңілдетілген визалық тәртіп енгізудің барлық тиімді тетіктері қарастырылуда" - деді Әсет Мұсағалиев сөз болып отырған бейнекөпір кезінде. Оның сөзіне қарағанда, бұл жобаны бүгінгі күні олар ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жасап жатқан көрінеді. "Дәлірек айтқанда, 15 адам визаны бір сәтте алатын болады. Бұл, әрине, көрсетілмек көп жеңілдіктің бірі ғана. Сонымен қатар, визасыз режим енгізу мәселесі де қарастырылып отыр. Бұл белгілі бір топтарға ғана арналып, ал жауапкершілігі туроператорларға жүктелмек", - деп атап өтті ол сондай-ақ. Биылғы 2014 жыл ТМД елдерінде туризм жылы болып жарияланғанын барша біледі. Демек, жыл он екі ай аталмыш мемлекеттер арасында туризм саласын дамытуға бағытталған түрлі шаралар өтеді. Айта кетейік, туризм саласының құқықтық негіздері жасалып, статистикалық есебі жүргізіліп, туристік қызметтің ортақ стандарттары да қазір белгілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети