01 қараша 2015 12:44

ЭКСПО туы Қазақстанға ресми түрде табыс етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЭКСПО Халықаралық көрмелер бюросының туы Қазақстанға ресми түрде табыс етілді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ЭКСПО Халықаралық көрмелер бюросының туы Қазақстанға ресми түрде табыс етілді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туды табыс ету рәсімі Италияда EXPO MILANO-2015 көрмесін ресми түрде жабу салтанаты кезінде болды. Салтанатты шара кезінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен ЭКСПО-2017 бас комиссары Рапиль Жошыбаев ЭКСПО туын ЭКСПО-2015 бас комиссары Бруно Паскуином мен ХКБ бас хатшысы  Висенте Лоссерталестен қабылдады.

Италия президенті Серджио Матарелла биылғы көрмеге қатысушыларғаа алғыс айтып, ЭКСПО-2017 көрмесінің Астанада сәтті өтетініне сенім білдірді. 

Еске сала кетейік, "Астана ЭКСПО-2017" көрмесінің "Болашақтың энергиясы" тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети