28 қараша 2016 20:56

Экстремизм қай жерден соққы жасайтынын ешкім де білмейді - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Экстремизм қай жерден соққы жасайтынын ешкім де білмейді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Экстремизм қай жерден соққы жасайтынын ешкім де білмейді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ресейлік телеарнаға берген сұхбатында, Мемлекет басшысы Орталық Азияда терроризм мен экстремизмның алдын алу Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымының мемлекеттік кешенді ықпал ету өзектілігін айта кетті. 

"Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымына мүше болу бұл біздің ерікті түрдегі шешім. Ол нақты біреуге қарсы бағытталмаған. Бұл әскери блок емес. Бұл нағыз керекті ұйым. Себебі қазіргі уақытта кез-келген мемлекетте терроризм мен экстремизм жапа шегуі мүмкін және лаңкестер қай уақытта қай жерден соққы жасайтынын ешкім білмейді. Әлемнің барлық елдерінде осымен күрес жүріп жатыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

"Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымының осы шарттарында біздің ортақ жұмысымыз көрінеді. Мысалы, Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымының оңтүстік шекарасында, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан елдері Ауғанстанға жақын, оларға ДАИШ лаңкестері қысым көрсетуі мүмкін. Құдайға шүкір, қазіргі уақытта ешқандай мемлекет мұндай қауіпті көріп отырған жоқ. Алайда бұған дайын болу керек. ҰҚКҰ - бұл ұжымдық орган, бұл жерде мәселелер ұжымдасу арқылы шешіледі және біздің бір мүшемізге шабуыл жасалған уақытта, барлық азаматтар осы ұйымның арұасында сенімді болады деп ойлаймын", - деп бөлісті Қазақстан Президенті өз ойымен.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Астананың атауын өзгерту туралы айтқан болатын. Ол Қазақстанның астанасының атауын өзгертуге еш қажеттілік жоғын айтқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети