06 ақпан 2014 20:29

Елбасы Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Нұрсұлтан Назарбаев.
фото  ©Ярослав Радловский Нұрсұлтан Назарбаев. фото ©Ярослав Радловский

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында болды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мемлекет басшысы "Хош иісті көмірсутектерді өндіру бойынша кешен құрылысы" мен "Мұнайды тереңдете өңдеу кешенінің құрылысы" атты қос инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Айта кету керек, хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені мұнай-химия саласы үшін шикізаттарды - бензол мен параксилолды өндіретін болады. Жоба құны 1 млрд. 64 млн. АҚШ долларын құрайды. Бұл кешен 2014 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілмек. Оның қуаттылығы жылына 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол өндіруге жетететін болады. Мұнайды тереңдете өңдеу кешенінің құрылыстық жобасы Үдемелі индустриялық-иновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Оның құны 1 млрд. 680 млн. АҚШ долларын құрайды. Кешен жылына 2 млн. 400 мың тонна шикізатты өңдеуге арналған. Ол жоғары октанды жанармайды, авиациялық және дизельдік отынды өндіруге мүмкіндік береді. Жылына 5,5 млн. тонна мұнай өңдегенде аталмыш зауыт 1 млн. 745 мың тонна автомобиль жанармайын, 1 млн. 640 мың тонна дизельдік отын мен 244 мың тонна авиакеросин шығарады. Мазут шығару көлемі 193 мың тоннаға кемиді. Шығарылатын барлық өнімдер Еуро-5 стандартына сәйкес келмек.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети