08 тамыз 2015 12:11

Елбасы Астанадағы жаңа Мұз сарайында болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа Мұз сарайында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа Мұз сарайында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін біз тағы бір маңызды әлеуметтік нысанның іске қосылуының куәсі болдық. Оны шынымен де Мұз сарайы деуге болады, өйткені онда 12 мың көрерменге есептелген әлемдік деңгейдегі арена, Хоккей академиясы, Олимпиадалық бассейн бар. Бұл стадион біздің спортшыларымызды жаңа жеңістерге жігерлендіретініне, осы бір ғажайып спорт түрінің жанкүйерлерін қуантып, бірегей жарыстар өткізетінімізге сенімдімін", - деді Назарбаев тілшілерге.

Жаңа нысанға келген кезде Нұрсұлтан Назарбаевқа кішігірім мұзды шоу қойылды. Оны "Барыс" ХК-ның жас тәрбеленушілері көрсетті. Қойылымда Қазақстан хоккейінің қазірге дейінгі дамуы бейнеленді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Барыс" хоккей клубының фирмалық дүкеніне де барды. Дүкен Мұз сарайының бірінші қабатында орналасқан. Онда клубтың символдары бейнеленген заттар қойылды: киім, естелік заттар.

Айта кетейік, бұған дейін Vesti.kz порталы хабарлағандай, 9 тамызда жаңа Мұз сарайында хоккейден Қазақстан Президенті Кубогының турнирі басталады. Турнирге "Барыстан" бөлек Ресейдің бірқатар клубтары - Новокузнецк қаласынан "Металлург", Ханты-Мансийсктен "Югра" және владивостоктық "Адмирал" қатысады. Кездесулер кестесімен мына жерден таныса аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети