11 сәуір 2014 17:28

Елбасы капиталға рақымшылық жасау жобасын әзірлеуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Бүгін Ақордада Ұлттық инвесторлар кеңесіне төрағалық еткен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы өтетін жалпыға бірдей табыс көлемін жариялау науқанына дейін капиталға рақымшылық жасау туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz   тілшісі. 

"Ұлттық банк пен Үкіметке 2014 жылғы маусымның 1-іне дейін капиталға рақымшылық жасау туралы заң жобасын даярлап, менің қарауыма енгізуді тапсырамын", - деді бүгін Назарбаев. 

"Бұл шара - жалпыға бірдей табыс көлемін жариялаудан кейінгі алғашқы кезең болады. Ол біздің экономиканың үлкен бөлігін көлеңкеден шығарып, бізді дамыған елдер экономикасының ашықтығы деңгейіне жеткізеді. Көлеңкедегі экономика - экономиканың тұрақты дамуының бірінші жауы, жемқорлықтың ең жақын досы", - деп мәлімдеді Елбасы. Президент табыс көлемін жариялау науқанының 2017 жылдың 1 қаңтарынан басталатынын еске салды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети