05 ақпан 2014 12:36

Елбасы Ресейге Олимпиаданы сәтті өткізуді тіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге Сочиде Олимпиада өткізуде сәттілік тіледі жеп хабарлайды Tengrinews.kz. "Біз әлемдегі маңызды оқиғаның - Сочиде өтетін XXII Қысқы Олимпиада ойындарының қарсаңында кездесіп отырмыз. Ол ТМД аумағында тұңғыш рет өтеді. Сондықтан ең алдымен ойындарды ұйымдастырушы елге, біздің стратегиялық әріптес - Ресей Федерациясына Олимпиада ойындарын табысты өткізуді тілеймін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық корпуспен кездесу кезінде. "Сіздің елдің барлық ұлттық құрама командасына жарқын спорттық жеңістер мен үміттердің ақталуын тілеймін. Сонымен бірге біз сіздерді Алматының 2022 жылы XXIV Қысқы Олимпиаданы өткізуге берген өтінішін қолдайды деп үміттенеміз", - деді мемлекет басшысы. Еске сала кетейік, Сочи Олимпиадасы 7 ақпан күні басталады. Оның ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп жоспарланып отыр. Салтанатты шарада қазақстандық спорт делегациясының туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети