14 қыркүйек 2015 15:30

Елбасының баспасөз хатшысы Дариға Назарбаеваның тағайындалуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Дариға Назарбаеваның вице-премьер болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" ақпараттық агенттігі.


Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Дариға Назарбаеваның вице-премьер болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" ақпараттық агенттігі.

"Мемлекет басшысы кадрлық тағайындауларға мұқият қарайды. Мұндай әрбір шешімнің артында салмақты талдау мен кандидаттар жұмысының нәтижелері тұр. Нұрсұлтан Әбішұлы көптеген деректі ескереді, оның арасында нәтижелілік, мақсатты көрсеткіштер жетістігі, берілген тапсырмалардың орындалу сапасы бар", - деді Абаев.

"Әлбетте, бұл тағайындау да мұқият талданды. Бұл тағайындау премьер-министр Кәрім Мәсімовтің ұсынысымен болды", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, Дариға Назарбаева Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, кейін палата вице-спикері болып жүріп, "өзінің нәтижелі парламентарий екенін көрсетті".

"Дариға Нұрсұлтанқызы әлеуметтік саланы жақсы біледі, ол өзінің нәтижелі парламентарий екенін көрсетті және қазір Ұлт жоспары - 100 нақты қадамды іске асыру бағытында жетекшілік етіп келеді. Бұл тағайындалу меритократиялық қағидаттарға жауап береді деп есептеймін", - деді Абаев.

Сонымен қатар, Абаев Назарбаеваның парламенттен кетуі заңнамалық органның жұмысын әлсіретеді деп есептемейтінін айтты.

"Мен олай ойламаймын. Парламенттің жұмысы - күрделі механизм, ол жұмысын бұрынғы тәртіппен жалғастырады. Депутаттарды көп жұмыс күтіп тұр", - деді ол.

Еске сала кетейік, жұма күні, 11 қыркүйекте Мемлекет басшысының бұйрығымен Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Сол күні саясаткер Ерлан Қарин Дариға Назарбаеваның Қазақстан үкіметіне келуімен әлеуметтік мәселелер одан әрі әсерлене түседі, деген пікірін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети