04 ақпан 2014 17:35

Еліміз Ресейден экологиялық шығын талап ете бермек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ресейге экологияға келген шығын жөнінде үнемі ескертіп отырады, бұл туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Біз "Байқоңыр" ғарыш айлағы бойынша айыппұлды ("Протон-М" зымыран тасығышының құлауына қатысты) қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Өзіміздің 13,6 млрд теңге көлеміндегі талабымызды қойдық, сондықтан біз олардан жауап күтеміз, үнемі ол туралы еске салып тұрамыз. Бұл оңай мәселе емес, біз бұдан кейін де талабымызды қоя береміз", - деді министр ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі Роскосмос жетекшілерімен хабарласып, Ресей тарапының "Протон-М" зымыран тасығышының құлауына байланысты шығын өтеу туралы талап жазылған хатты алғанын анықтаған. "Байқоңыр" ғарыш айлағында үш байланыс спутнигі бар "Протон-М" аппараты өткен жылдың шілдесінде құлаған еді. Қараша айында Қазақстан бұл оқиға салдарынан экологияға келген шығынды есептеп шығарды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети