23 қараша 2016 10:13

Елімізде мемлекеттік тілдегі курстары бар "Қазақстанның ашық университеті" пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"WikiBilim" қоғамдық қоры "Қазақстанның ашық университеті" білім беру онлайн жобасын іске қосуды бастайтынын хабарлады. Алматыда Қазақстандағы онлайн білім беруді дамыту перспективаларына арналып өткен дөңгелек үстелде осындай мәлімдеме жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"WikiBilim" қоғамдық қоры "Қазақстанның ашық университеті" білім беру онлайн жобасын іске қосуды бастайтынын хабарлады. Алматыда Қазақстандағы онлайн білім беруді дамыту перспективаларына арналып өткен дөңгелек үстелде осындай мәлімдеме жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"WikiBilim" қоғамдық қоры президенті Нұрбек Матжанидің сөзіне қарағанда, бүгінде интернет қолданушылары 5000-нан астам түрлі онлайн курсты пайдалана алады. Оқыту материалдары бар ең танымал алаңдар - Coursera, EdX, Udacity. Бірақ бұлардың көп бөлігі ағылшын тілінде.

"Технологиялар өміріміздің барлық саласын дерлік түбегейлі өзгертіп отыр, соның ішінде, білім беруді де. Сол технологиялардың арқасында білім беру ісі өзге де көптеген қызмет түрі сияқты дербестендіріліп келеді, яғни әркімнің жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеретін болды. Бүгінде курс оқушылар қашан, қай кезде оқу керектігін және өткен материалды неше рет қайталау керек екенін өзі таңдайды. Мұның бәрі диплом үшін емес, білім алу үшін оқитындарға, өмір бойы бір рет қана білім алуды көздейтіндерге емес, үнемі жетіліп, дамуға тырысатындарға қолайлы жағдай туғызады. Бұл - өте маңызды жаһандық тренд", - деді "WikiBilim" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рауан Кенжеханұлы.

"Қазақстанның ашық университеті" - еліміздің жетекші жоғары оқу орындары оқытушыларының видео дәрістерін тегін тыңдауға мүмкіндік беретін онлайн алаң. Бірінші кезеңде телекоммуникациялар бойынша 10 курсты іске қосу жоспарланып отыр. Сол сияқты порталда осы курстарды дайындау барысында қолданылған мамандандырылған әдебиет ашық орналастырылады. Бұған қоса, дәріс материалдарының 80 пайыздан астамы мемлекеттік тілде ұсынылады. Алдағы уақытта мамандандырылған курстардың саны көбеюі мүмкін.

"Қазақстанның ашық университеті" жобасын жасаушылар қолданушыларға осындай алаңдарға арналған ең озық функциялар жиынтығын ұсынады - интуитив интерфейс, ыңғайлы бейнеплейер (түрлі тілдегі субтитрлары бар), курс тыңдаушылардың жеке кабинеті, университеттер мен лекторлардың профайлы, тест тапсырмалары мен конспектілер.

Жобаның өзі әлемнің жетекші университеттері - Гарвард университеті мен Массачусетс технология институтының тандемімен жасалған Open edX платформасы негізінде іске асырылады.

Айта кетейік, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, ҚБТУ, Almaty Management University, Сүлейман Демирел атындағы университет сияқты беделді жоғары оқу орындары мен Математика және математикалық модельдеу институты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты сияқты ғылыми-зерттеу институттары "Қазақстанның ашық университеті" жобасына серіктес болып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети