31 қаңтар 2014 12:28

Елімізде өрт салдарынан сегіз адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ©ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қаңтардың 31-іне қараған түні Қазақстан бойынша 10-нан астам өрт оқиғасы болды деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Төтенше оқиғалардың салдарынан еліміздің әр аймағында сегіз адам қаза тапты. Петропавлда жеке тұрғын үйлердің бірі өртеніп, екі ересек пен екі бала қайтыс болды. Екіпәтерлі тағы бір үйде өрт кезінде ер адамға түтін тиіп, ол ауруханада көз жұмды. Павлодар облысының Железинка ауданында да жеке үйде өрт шығып, оқиға орнынан 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Осындай қайғылы оқиға Қостанай облысының Қарабалық ауданында да қайталанды. Өртенген үйде 67 жастағы зейнеткердің қалып қойғаны анықталды. Алматы облысының Текелі қаласында астық қабылдайтын қойма өртеніп, от ішінде қалған 1943 жылғы күзетші опат болды. Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында тілсіз жау кезінде төрт адам күйіп қалды, олардың бірі - 4 жасар сәби. Зардап шеккендер қазір ауруханада. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында жеке үйдің ішіне табиғи газ тарап, газ аралас қоспа атылған. 11 адам зардап шекті. Түрлі деңгейде жарақат алған сегіз бала мен үш ересек ауруханаға жатқызылды. Ал осы облыстың орталығында бір үйдің табиғи газбен жағылатын пешінен ақау шығып, тұншықтырғыш иістен уланып қалған екі адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети