31 желтоқсан 2014 16:29

Еліміздің жеті облысында ауа райы жайсыз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

1-3 қаңтар күндері ауа райының жайсыз болатынына байланысты Қазақстанның жеті облысында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.


1-3 қаңтар күндері ауа райының жайсыз болатынына байланысты Қазақстанның жеті облысында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.

"1 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашын болады, кей жерлерде күшті жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 17-22 метрге жететін жел соғады. 3 қаңтар күні ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін, кей жерлерде 15 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада. Синоптиктердің мәліметінше, 2 қаңтарда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде 7-12, кей жерлерде 15 градус аязға дейін төмендейді. 

1 қаңтарда Ақмола, Павлодар облыстарында боран соғып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 17-22 метрге, кей жерлерде 27 метрге дейін күшейеді. "2-3 қаңтарда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 3 қаңтарда Павлодар облысында ауа температурасы 20-25, кей жерлерде 27-32 градус аязға дейін төмендейді", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети