18 қыркүйек 2019 09:30

Елордада жоғалған бармен жігіт туралы жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнуар Байзуров 6 қыркүйекте үйінен шығып, із-түссіз жоғалып кеткен. © instagram Әнуар Байзуров 6 қыркүйекте үйінен шығып, із-түссіз жоғалып кеткен. © instagram

Елордада жоғалып кеткен бармен Әнуар Байзуров ұялы телефонын өзі сатып жіберген. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің мамандары айтты. Олар жоғалған жігіттің компьютерлік клубтар мен букмекерлік контораларда болғанын да анықтады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


Елордада жоғалып кеткен бармен Әнуар Байзуров ұялы телефонын өзі сатып жіберген. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің мамандары айтты. Олар жоғалған жігіттің компьютерлік клубтар мен букмекерлік контораларда болғанын да анықтады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Әнуар Байзуров табыс табу үшін Атбасар ауданынан елордаға биыл ақпан айында келген. Туыстарына қаладағы мейрамханалардың біріне бармен болып жұмысқа орналасқанын айтқан. Бірақ нақты қай жерде істейтінін олар да білмейді. Туысының үйінде тұрыпты. Соңғы рет 6 қыркүйекте кешке туыс әпкесіне хабарласып, жұмыста екенін жеткізген. Бірақ ертеңінде жұмыстан үйіне оралмапты.

"Әнуар жұмыстан келмеген соң, біз қоңырау шала бастадық, оның ұялы телефоны өшірулі болды. Мен оны бұрынғыдай екінші ауысымдағы жұмысқа қалды деп ойладым. Ертесі күні де хабар болмаған соң біз қатты алаңдадық. Дереу полицияға хабар бердік", - дейді туысы Сұлушаш Ибраева. 

Хабар-ошарсыз кеткен Әнуарды қазір іздеу шараларына 70-тен астам ерікті жұмылған. Олар жер-жерге іздеу салу парақшаларын жабыстырған. Құзырлы органдар Әнуардың ұялы телефонын тапқан. Оны Шардара ауданының азаматы алып-сатарлардан сатып алғанын айтыпты. Ал, алып-сатарларға байланыс құралын Әнуардың өзі сатқан деп отыр.

"Біз айғақтарды нақтылау үшін "Артем" сауда орталығында орнатылған камерадан бейнебақылау жүргіздік. Камерадан Байзуровтың телефонын сатқанын және белгісіз бағытқа кетіп бара жатқанын көрдік. Іздестіру кезінде еріктілермен, жедел қызметкерлер Байзуровтың түнгі және күндізгі уақытта бірқатар компьютерлік клубтар мен букмекерлерге бірнеше рет барғаны анықталды", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы Дмитрий Демидов. 

Криминалдық полиция қызметкерлері Есіл ауданының аумағында орналасқан барлық ойын-сауық нысандарын аралауда. Әзірге ешқандай дерек жоқ. 24 жастағы жігітті жедел-іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети