02 қазан 2020 | 17:26

Елордада мұғалімдерге 40 миллион теңгеден аса қаражат табысталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Александр Куприенко Фото: Александр Куприенко

Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтандағы мұғалімдерге 40 миллион теңгеден аса қаражат табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтандағы мұғалімдерге 40 миллион теңгеден аса қаражат табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов педагогтерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Алғаш рет қала басшысы атынан "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалінің иегерлеріне 833 мың теңге төленеді. Сонымен қатар, бірқатар оқу орнына 9 миллион теңге көлемінде әкім гранты берілді.

"Әр мұғалім тұрғындардың сауатты әрі лайықты азамат болуына септігін тигізіп, білім береді. Мұғалімдерімізді кәсіби мерекелері - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Балаларға оқу материалын меңгеруге, түрлі олимпиадаларда, байқауларда жетістіктерге жетуге ғана емес, сонымен қатар оларға өзіне, өз күшіне сенуге, кәсібін табуға көмектесіп келесіздер", - деді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда жыл сайын жаңа білім ордасы салынады екен.

"Биыл салынған мектептер саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артық. Осы жылы 12 мектеп салынды. Келесі жылы тағы сонша мектеп салынады. Оқу орындарын заманауи жабдықтармен жабдықтап, инновациялық технологияларды енгіземіз", - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Көлгінов Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" заңға қол қойғанын, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы 25 пайызға, 2024 жылға дейін тағы 25 пайызға өсетінін атап өтті.

"Өткен жылы біз тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік жәрдемақы түрінде 1 миллион теңге көлемінде 275 тұрғын үй сертификатын өтеусіз негізде бердік. Биыл да ұстаздарымызға тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесеміз. Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп 1 мың әлеуметтік пәтер береміз. Бұл пәтерлер мұғалімдерге, әлеуметтік қызметкерлерге, полиция қызметкерлеріне, дәрігерлерге, өрт сөндірушілерге, мәдениет және спорт қайраткерлеріне беріледі", - деді ол.

Қала әкімі түлектерге де қолдау көрсетілетінін айтты.

"Мамандықты тегін оқуға 900-ге жуық грант бөлінді. Бұл шаралар жұмыс үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға және балалардың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті болуына бағытталған. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын!",- деді Алтай Көлгінов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети