19 қараша 2023 13:32

Елордада ұйытқыған боран кезінде қанша адам зардап шеккені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

gov.kz gov.kz

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты 18 қарашада қалалық стационарларға бірнеше азамат медициналық көмек бойынша жүгінген. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқастардың бір бөлігі медициналық қызметкерлер тексергеннен кейін асқынулардың болмауына байланысты амбулаториялық емделуге жіберілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел медициналық жәрдем бригадасы төрт науқасты түрлі жарақаттары бойынша Көпбейінді қалалық ауруханалардың жарақат пунктіне жеткізді. Олар негізінен көгеру, жара секілді жарақаттармен түсті. Бір бала аяқтың жабық сынуымен жеткізілді. Пациенттердің бәрінің жағдайы қанағаттанарлық, реанимациялық жағдайға түскен науқастар жоқ", - делінген хабарламада.

Кейбір зардап шеккендер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жедел жәрдем көлігімен жарақат пунктіне барудан бас тартты.

Ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, екпіні 15-20 м/с болатын оңтүстік-батыс желінің күшеюіне, кей тұстарда 23 м/с болуына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері дүлей желдің салдарын жою үшін жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети