06 тамыз 2014 16:43

Елшілік секс-туризм жайлы ақпаратты жоққа шығаруды талап етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vesti.kz ©vesti.kz

Қазақстанның Үндістандағы елшілігі үндістандықтар арасында Қазақстандағы секс-туризмнің сұранысқа ие бола бастағаны туралы ақпаратты теріске шығаруды талап етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елшілік басшысы Дулан Қуанышевқа сілтеме жасап. Мұндай ақпарат DNA агенттігінің сайтында жарияланған болатын. Ақпарат құралы Үндістанның ер адамдары курортты елдерден гөрі Қазақстанға баруды артық көреді.

Елші өзінің Facebook-тегі бетінде секс-туризм туралы жарияланым авторлары мен онда қолданылған пікір иелеріне хабарласқанын жазды. Мақалада туризм саласының сарапшылары Икбал Мулланың (Iqbal Mulla) және Ракшит Десайдың (Rakshit Desai) пікірлері жарияланған. "Жарияланым авторы тікелей байланысқа шығудан қашқақтап жүр. Пікірлері келтірілген төрт адамның екеуі бұл дәйектерді жоққа шығарып, Қазақстанға келешегі жарқын туристік бағыт ретінде қарайтынын айтып отыр. Олар да келтірілген пікірлерді теріске шығаруды сұрап, DNA агенттігіне хабарласты. Әзірше ешқандай жауап алынған жоқ", - деп хабарлады Қуанышев.

Қазақстандағы секс-туризм туралы әңгімелеп берген қалған екі спикердің біздің елімізде ешқашан болмағаны анықталды. Консулдық бөлімде олардың атына виза аштырылмағаны белгілі болды. "Елшілік заң органдарын араластыра отырып, мәселенің мән-жайын анықтайтын болады", - дейді елші.

Қуанышев Tengrinews.kz тілшісіне егер Қазақстандағы секс-туризм туралы ақпарат теріске шығарылатын болса, мақала авторына қатаң жаза қолдануды талап етпейтінін айтты. "Маған аңдамай сөйлеген журналистен бірнәрсе өндіріп алудың қажеті жоқ, керісінше, мен оған аман жүріп, жақсы, қызықты жазуды тілеймін", - деді Қуанышев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети