Ең жас депутат Асылхан Төлепов қазақстандықтардың сынына жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Асылхан Төлеповтің жеке архивінен Асылхан Төлеповтің жеке архивінен

23 жастағы актер және Алматы мәслихатына жаңадан сайланған депутат Асылхан Төлепов қазақстандықтардың сынына жауап берді. Төлепов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында жас екенін Интернетте сынап жатқандардың сөзіне сабырмен қарайтынын айтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

23 жастағы актер және Алматы мәслихатына жаңадан сайланған депутат Асылхан Төлепов қазақстандықтардың сынына жауап берді. Төлепов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында жас екенін Интернетте сынап жатқандардың сөзіне сабырмен қарайтынын айтты.

"Сын, керісінше, маған жұмыс істеуге күш беріп, шабыттандыра түседі. Мен ешкімге ренжімеймін, әр адамның пікірін құрметтеймін. Сондықтан халықтың мені бекер таңдамағанын сөзбен емес, іспен дәлелдегім келеді. Жас екенімді айтып, сенім білдірмегендерді де түсінемін. Бірақ, қазақтың тарихында 14 жаста да, 20 жаста да ұлы батыр және би болған адамдар бар. Сондықтан меніңше, жас - бастысы емес. Көп жұмыс істеп, сайлаушыларымның сенімін ақтаймын деп сөз беремін", - деді Төлепов. 

Алматы мәслихатының депутаты қызметінде ол бұқаралық спорт пен мәдениетті дамытуға, балалар алаңын жабдықтауға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жас кәсіпкерлерге жеңілдігі бар жағдай жасауға және Наурызбай ауданынының инфрақұрылымын жақсартуға ниетті. 

"Мен сайлауалды насихат кезінде асфальт төсеймін, электр тогын, суды және тағы басқаны жеткіземін деп уәде берген жоқпын. Сондықтан бұл уәдені орындай алмасам адамдардың алдында ұялатын едім. Бірақ мен Наурызбай ауданының тұрғындарының мәселелерін жергілікті заңнамада көтеріп, шешуді уәде еттім. Алда жұмыстың көп екенін, онымен қатар үлкен жауапкершілікті түсінемін", - деді Төлепов. Алайда ол депутат қызметін шығармашылығымен қатар алып жүретінін айтты.

"Қазіргі уақытта Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрындамын. Бұл менің негізгі жұмысым, оны тастап кетпеймін. Қазіргі уақытта екі жаңа қойылымды дайындап жатырмыз. Әзірше киноға түсу туралы жоспар жоқ", - деді актер.

Еске салайық, 23 жастағы Асылхан Төлепов №15 сайлау округі бойынша Алматы мәслихатының депутаты болып сайланған еді. Ол сайлаушылардың 73,8 пайыз даусын жинады. 

Төлепов Асылхан Сайлауұлы 1992 жылдың 21 мамырында Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1996 жылы оның жанұясы Алматыға көшіп келеді. 2015 жылы Төлепов Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясын "Актерлік шеберлік" мамандығы бойынша аяқтайды. Таэквандодан қара белбеу иегері. 

Режиссер Ақан Сатаевтың "Жаужүрек - мың бала" кинофильмінде бас кейіпкер Сартай батырдың ролін сомдады. Сонымен қатар, "Балалық шағымның аспаны", "Бауыржан Момышұлы" және "Рэкетир-2" фильмдеріне қатысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro