04 желтоқсан 2017 10:30

Еңбек бағаланып, өтемақы берілуі тиіс - Швейцариялық фотограф 500 теңгелік банкнота жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Швейцариялық фотограф Марсель Буркхард жаңадан шыққан 500 теңгелік банкнотада бейнеленген құстың суретін ол Швейцарияда бірнеше жыл бұрын түсірген. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. Фотограф өзін автор деп тануын және өтемақы беруін талап етіп отыр.


Швейцариялық фотограф Марсель Буркхард жаңадан шыққан 500 теңгелік банкнотада бейнеленген құстың суретін ол Швейцарияда бірнеше жыл бұрын түсірген. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. Фотограф өзін автор деп тануын және өтемақы беруін талап етіп отыр.

"Бұл оқиға жайлы білгенде бірден екі суретті салыстырдым. Банкнотада бейнеленген сурет 100 пайызға менің жұмысым. Бұл мен үшін құрмет, әрине. Алайда мойындағандары да керек. Дизайнерлер менің суретім арқылы пайда көрді, бұл жақсылықтың белгісі емес. Кем дегенде менің автор екенімді тануы қажет, яғни ҚР Ұлттық банкінен сертификат және өтемақы берілсін", - деді ол.

Буркхард ҚР Ұлттық банкімен байланысқа түсіп үлгергенін айтып өтті.

"Байып кеткім келмейді, бірақ әрбір фотограф өзінің жұмысы арқылы қаражат табады. Мен жақсы адаммын, жағдайды барлық банкнотаны өзгертуге дейін жеткізгім келмейді", - дейді ол.


© Tengrinews.kz

Еске салайық, мұның алдында ҚР Ұлттық банкінің өкілдері банкнотадағы құстың суретіне қатысты пікір білдірген еді.

"Бұл жағдайда Ұлттық Банктің дизайнерлері натура ретінде құстың суретін қолданды. Жаңа банкнотадағы шағаланың ұқсастығы оның көп кездесетіндігімен түсіндіріледі. Банкнотада бейнеленген шағаланың кейпі мен ұшып бара жатқан сәті мұндай қанаттылар түріне тән. Мұндай суреттер өте көп", - деп түсіндірген еді Ұлттық банктегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети