16 қыркүйек 2015 10:21

Енді Көктөбеден Қапшағайдың көрінісін тамашалауға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Көктөбеге қойылған жан-жақты көруге арналған айналмалы дөңгелек арқылы (аттракцион) бүкіл Алматыны, сонымен қатар, Қапшағай су қоймасын тамашалауға болады, мұндай ғажап көрініс таяуда жұрт назарына ұсынылады, бұл туралы саябақтың директоры Нұрлан Қазиев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

"Көктөбе тауына жан-жақты көруге арналған айналмалы дөңгелек орнаттық, оның көмегімен қаланың, Қапшағай көлінің керемет көрінісін тамашалауға болады. Бірақ айта кететін жайт, көлді жақсы ауа райы болған күндерде тамашалаған дұрыс. Бүгін, мысалы, тұман болып тұр - мамандар көтеріліп көрді, ештеңе байқалмайды. Оған бір ретте 120 адам отыра алады, бір кабинада 6 орын бар, - дейді Қазиев. - Көтерілу биіктігі 30 метр, Көктөбе тауында тұрғандықтан теңіз деңгейінен 1136 метр. Оны да француздар тұрғызып жатыр", - деді ол.

© Tengrinews.kz

Нұрлан Қазиев. © Роза Есенқұлова

Көктөбедегі тағы бір жаңашылдық - айналмалы дөңгелектегі көмескі жарықтар. Оған LED-экраны орнатылады. Директордың айтуына қарағанда, экран арқылы біреуді құттықтауға, сезімді білдіруге, жарнама жасауға, шұғыл хабарлама таратуға болады. Сонымен қатар, Көктөбеде қазақтың ұлттық асханасына арналған мейрамхана ашылады.

Айта кетейік, аспалы жолдардың құрылысы аяқталып қалды. Бүгінгі таңда кабиналар тексеруден өткізіліп жатыр.

Станция осындай болады

Көктөбедегі аңызға айналған алма орнында қалады, бірақ түрі өзгереді

Түнгі көрініс

"Көктөбе" әкімшілігі ұсынған эскиздер

© Николай Колесников

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети