14 қазан 2016 13:36

Ерасыл Әубәкіровтің денесін қала сыртына апарғандар іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ерасыл Әубәкіровтің денесін қала сыртына апарып тастағандар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада адвокаттар Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты іс бойынша баспасөз конференциясын өткізіп, атышулы істің кейбір тұстарына тоқталып өтті.


Ерасыл Әубәкіровтің денесін қала сыртына апарып тастағандар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада адвокаттар Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты іс бойынша баспасөз конференциясын өткізіп, атышулы істің кейбір тұстарына тоқталып өтті.

Осыған байланысты Аян Мейірбаевтың әкесінің адвокаты Ерлан Бекполов көліктің жүксалғышында табылған денемен болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Мен сот үкіміне сәйкес, Ерасыл Әубәкіровтің мәйітін көлікке Әжімбайдың салғанын айтқым келеді. Осылайша ішінде мәйіттің жатқанын білмеген Аянның әпкесі сол көлікпен жүре берген. Ерасылдың денесін Аянның әпкесі тапты, ол көліктен кездейсоқ табылды. Іс материалдарындағы видеода да дененің қалай табылғаны көрсетілген", - деді адвокат.

Сонымен қатар, адвокат автокөліктің жүксалғышынан мәйіт табылған күні Аянның әпкесінің көлігімен емес, өзінің көлігімен жүргенін айтты.

"Осы оқиғаға байланысты жағдайдың барлығы 4 ақпанда болды. Мәйітті қала сыртына расында да Аянның әпкесі апарды. Ешкім де, отбасының мүшелері де көліктің жүксалғышында Ерасылдың денесі жатқанын білмеген. Қыз әлі жас. Аянмен болған жағдай оны қатты қорқытқан. Қыз шошып қалған. Сондықтан да оның әрекеті түсінікті болып тұр. Сол кезде Аян Мейірбаев атышулы іске күдікті ретінде қатысқан болатын", - деді адвокат Ерлан Бекполов.

Сондай-ақ, адвокаттың айтуынша, қыз полициядағыларға дененің нақты қайда апарылғанын айтып берген.

"Аянның әпкесін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесіне келетін болсақ, мен бұл әрекеттердің барлығы зерттеліп болғанын түсіндіргім келеді. Қылмыстық кодекске сәйкес, ол күдіктінің жақын туысы болғандықтан, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды", - деді Бекполов.

Мейірбаевтардың мүддесін қорғайтын адвокаттың айтуынша, Ерасылдың денесін қала сыртына Аянның әпкесі ғана апарған жоқ. "Ол денені апаруға көмектескендер де бұл оқиғадан хабары болмаған. Расында да, физикалық тұрғыдан алып қарасақ та,  ол бір өзі денені алып бара алмайды", - деп түсіндірді адвокат.

Адвокаттың айтуынша, тергеу тобындағылар Ерасыл Әубәкіровтің денесін қала сыртына апаруға көмектескен адамдарды әлі анықтамады. "Олардың кім екендері анықталмады, қазіргі уақытта оларды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді адвокат Бекполов.

Айта кетейік, осыған дейін Аян Мейірбаевтың адвокаты Желіде тарап кеткен атышулы видеоны түсіндірген болатын. "Әрине, осы видеоға байланысты жұртшылық алаңдады. Аян Мейірбаев адам өлтірді деген пікірлер көп болды. Менің айтқым келетіні, Мейірбаевтың бұл қылмысқа ешқандай да қатысы жоқ. Бұл соталды тергеу барысында анықталды. Ол жәбірленуші болып танылды және жәбірленуші ретінде жауап берді", - деді адвокат Аян Мейірбаевтың үш ай бойы қамауда болғанын атап өтіп. 

Бір ай бұрын, 7 қыркүйекте Астанада атышулы іске қатысты сот басталған болатын. 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген күдікпен сот алдына үш адам келді: Нұрбек Әжімбай, Виталий Шерстенев және Андрей Тихоненко. Оларға "Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету", "Адамды бостандығынан заңсыз айыру", "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері", "Адам өлтіру" және "Бопсалау" баптары бойынша айып тағылды.

Ал 12 қазанда осы атышулы іс бойынша үкім шығарылды. Оған сәйкес, Нұрбек Әжімбай мүлкі тәркілене отырып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Андрей Тихоненко 16 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Виталий Шерстнев 11 жылға сотталды. Cондай-ақ, сотта Аян Мейірбаевтың кінәлі емес екенінің дәлелі келтірілді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі үкім оқылғаннан кейін айтып берді. 

Айта кетейік, бұл істе бастапқыда Аян Мейірбаев күдікті болған еді. Оған қатысты қудалау қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты тоқтатылған еді. Ол тергеу изоляторынан босап шықты.  

Еске салайық, биыл ақпанда Астанада медициналық университеттің алтыншы курсында оқитын Ерасыл Әубәкіров жоғалып кеткен болатын. Ол Сарыарқа - Сейфуллин қиылысындағы үйінен сол жағалауға қарай шығып кетіп, табылмаған еді. Кейін, 10 ақпанда оның мәйіті зорлық белгілерімен табылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети