22 қаңтар 2014 15:20

Ержан Өтембаевқа қатысты сот отырысы 27 қаңтарға шегерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Өтембаев, Роза Есенқұлованың фотосы Ержан Өтембаев, Роза Есенқұлованың фотосы

Белгілі оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты сот Алматы қаласының іргесінде орналасқан Қаскелең елдімекенінде өтпекші болатын. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі тура сот залынан хабарлаған еді. Алайда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі кейінге қалдыру туралы шешімге келіпті. Оған марқұм А.Сәрсенбаевтың туыстарының өтініштері негіз болды, яғни жәбірленуші жақ қорғаушының қылмыстық іспен жан-жақты танысуына уақыт берулерін сұрады. Сот, сондай-ақ, басқа да өтініштерді қарастырып шықты. Нақтырақ айтсақ, Рысбек Сәрсенбаев судьяға танысып шығуы үшін Алтынбек Сәрсенбаевтың бірнеше кітабын берді. Алайда судья оны іске тіркеуден бас тартты. Жаңа деректердің пайда болуына байланысты қайта қаралмақшы бұл қылмыстық істе айыпкер - Ержан Өтембаев. Естеріңізге сала кетейік, кезінде ол Сенат Парламенті аппаратының жетекшісі қызметін атқарған болатын. Сот отырысы барысында сақтық шараларға айрықша мән берілген екен: БАҚ өкілдерін арнайы құрылғымен "тінтіп" шықты десе де болады. Күзет те күшейтілген. Судьяның аты-жөні – Асқарбек Бейімбетов, яғни судья өзгерген. Өйткені, қаза болғанның туысқандары бұрынғы судьяға наразылық танытып, басқа судья берулерін сұраған. Әуелде журналистерге сот залына кіруге рұқсат бермеді. БАҚ өкілдері мониторлар алдына жайғасып жатқан еді, бір кезде ішке шақырды әйтеуір. Ержан Өтембаев өзін жақсы ұстады. Байсалдылық танытқан ол, ойға беріліп кеткендей болды. Сонымен сот ісі 27 қаңтар күні, сағат 10.00-ге белгіленді. Айта кетейік, сотта Алтынбек Сәрсенбаев, Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосыновтың туысқандары толып отырды. БАҚ өкілдерінің саны да аз бомады, 100-ден асып жығылды. Соттың алғашқы тыңдалымы естеріңізде болса, Талдықорған қаласында өткізілген еді. Айтпақшы, Сенат Парламенті аппаратының экс-жетекшісі Ержан Өтембаев 20 жылға сотталғанын баршаға белгілі. Оған Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілері Василий Журавлев және Бауыржан Байбосыновты өлтірді деген айып тағылған-ды әуелді. "Тапсырысты орындады" деген айыппен Рустам Ибргимов қазір жазасын өтеп жатыр. Алайда арада бірнеше жыл өткенде ол берген жауабынан тайқып шықты. Сонда ол Ержан Өтембаевтың тағдырын талқан еткені ме? Алтынбек Сәрсенбаевты, Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосыновты өлтірткен Рахат Әлиев пен ҰҚК-нің бұрынғы бастығы Әлнұр Мұсаев екендігін Бас прокуратура ресми түрде жария етті. Сегіз жылдан бері түрмеде отырған Ержан Өтембаевты не күтіп тұр? Ол жағы әзірге белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети