26 шілде 2015 17:42

Еріктілер Алматыда селден зардап шеккендерге көмек көрсетудегі қиындықтарды айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамының" суреті ©"Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамының" суреті

Еріктілер, түрі ұйымдардың қызметкерлері Алматыда жүрген селден зардап шеккендерге осымен төртінші күн көмектесіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еріктілер, түрі ұйымдардың қызметкерлері Алматыда жүрген селден зардап шеккендерге осымен төртінші күн көмектесіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғам белсендісі Ільяс Мұхамеджан төтенше жағдай орнына көптеген адамдардың отбасыларымен бірге өз еріктерімен келіп жатқанын айтып берді. Оқиға орнында 100-ге тарта адам жұмыс істеп жатыр. Олар лайға көмілген үйлерді тауып, тұрғындарына көмек қолын созып жүр. Алайда бірқатар қиындық да кездесіпті. "Кейбір көшелерде әлі де қой тастар жатыр. Ол жаққа бару қиын. Кеше түнде сондай көшелердің біріне бардық, су мен ыстық тағам апардық. Ол жаққа адамдардың бара алмай жатқанына үш күн болыпты. Адамдар жарықсыз, газсыз, сусыз отыр", - деді ол. 

Суретті Нұркен Халықберген жолдады.

Сонымен қатар, оның айтуынша, зардап шеккен ауданда бірінші қажеттіліктегі тауарлар күрт қымбаттап кеткен. "Мұндай тенденция бар, өкінішке орай. Сонда бұл тауарлар қала орталығында арзан да, ол жақта қымбат", - деді Мұхамеджан.

Қазіргі уақытта істің алға басуы үшін белсенділер жергілікті биліктен зардап шеккен үйлердің картасын жасап беруді сұрап отыр. "Осылай жасаса жұмыс айтарлықтай оңай болар еді. Әйтпесе бір нысанға бірнеше команданың барып жатқан жағдайлары болды", - деді ерікті.

Суретті Нұркен Халықберген жолдады.

Тағы бір белсенді Алина Сержанованың айтуынша, төтенше оқиға орнына мейрамхана адамдары келіп, күніне 1200 адамнан тамақтандырып жатыр. "Адамдардың түрлі азық-түлік әкеліп жатқанына қарамастан, ТЖ ауқымдылығына байланысты техниканың, құралдардың, өзге гуманитарлық көмек пен еріктілердің жетіспеушілігі сезіледі", - деді ол.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамының" суреттері.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамы" қызметкері Антон Шершнев ұйымдастырылған штабда қазірде 50 адамның жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Еріктілер өз қызметін әкімдік қызметкерлерімен келісе отырып жасап жатыр. "Қиындықтар көп. Біз таңертеңнен бастаймыз да, түннің бір уағында аяқтаймыз. Әр күні қиындықтар шығып отырады, жетіспеушіліктер бар. Мысалы, кеше ауыз суы жетіспеді. Су таситын көліктер болды, бірақ көпшілігі оның суын ішпеді. Қазір бұл мәселе шешілді. Тағы бір қиындық көмектің үлестірілуінде. Көмекке келіп жатқан адамдарға бақылау жасау қиын - олардың көмекке шын мәнінде мұқтаж екенін білу қиын", - деді ол.


"Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамының" суреттері.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамының" Facebook желісіндегі парақшасында штабтың орнының ауысқаны хабарланып отыр. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамының" штабы№192 мектептен 100 метрге биік орналасқан "Саудамай" мейрамханасында көшті. (...) Судың жеткіліксіз болуына байланысты 1 отбасыға 10 литрден асатын су берілмейді. Қызыл жарты ай штабына әкелінген шөлмек суды қайта сату жағдайлары болмауы үшін еріктілер оған белгі салады", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың көбі №176 орта мектеп пен Наурызбай аудандық әкімдігіне орналастырылды. Қала басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге сөз берді. Селден келген шығынның көлемі оның салдарын жою шараларынан кейін анықталады.

Суретті Нұркен Халықберген жолдады.

Осыған дейін Алматыда кәсіпкерлер палатасының өкілі көшелер мен үйлерді жылдам тазалап шығуға арнайы инвентарь, күрек, етік қажет екенін, сонымен қатар су соруға арналған техниканың жетпей жатқанын хабарлаған еді. Мұнымен бірге, барынша жылдам жұмыс істеуге мыңдаған еріктінің қажет екені хабарланды.

Суретті Нұркен Халықберген жолдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети