20 мамыр 2017 16:07

Еріктілер екі жасар Анастасия Руденконы іздестіру жұмыстары қалай жүргізілгенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еріктілер екі жасар Анастасия Руденконы іздестіру жұмыстары қалай жүргізілгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еріктілер екі жасар Анастасия Руденконы іздестіру жұмыстары қалай жүргізілгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін өлі табылған қыздың үйінде оның туыстары мен еріктілер жиналды.

"Бүгін таңертеңнен бастап Қаратал өзенінің арнасын қарап шықтық. Сүңгуірлермен екі топқа бөлініп, іздестірдік. Бүгін өзендегі су деңгейі басылды. Үштөбе жақтағы көпірдің артында асфальт зауыты орналасқан. Қыздың үйі ол жақтан 15 шақырым жерде. Құтқарушылар қыздың денесін тауып, өзен жағасына шығарды. Денесі ісіп кеткен. Өз-өзімізді ұстай алмадық", - дейді еріктілердің бірі Ирина.

Екі жасар қызды іздестіру жұмыстары бүгін таңғы сағат 8-дерде басталып, сағат 12-ге қарай қыздың денесі табылған.

Еске сала кетейік, бүгін Талдықорғанда жоғалып кеткен екі жасар қыздың өлі табылғаны хабарланған еді. Қыздың анасы Марина Демочканың айтуынша, олар балалармен бірге есік алдында ойнап жүрген. "Балалар далада ойнап жүрді. Ұлым даладан кір аяқкиіммен кіріп келді. Содан аяқкиімін шештіріп, тазалай бастадым. Осы сәтте Настенька далада жүрді. Кейінірек мен оны шақыра бастадым. Бірақ ол көрінбеді. Настенька үй ауласында жақын жерде ойнап жүрген еді. Содан мен оны аулада іздей бастадым. Күйеуім жұмыстан келген соң бізбен іздестіре бастады. Нәтиже болмаған соң полицияға хабар бердік", - деген еді анасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети