24 қараша 2017 13:08

Ермекбаев бетті тұмшалайтын киімдерге неге тыйым салу керектігін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі министрі Нұрлан Ермекбаев бетті тұмшалайтың киімдерге тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі министрі Нұрлан Ермекбаев бетті тұмшалайтың киімдерге тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ведомство басшысы дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг барысында айтты.

"Бұл жоба қоғамдық жерлерде бетті тұмшалайтын киімдерді тыйым салуды қарастырады. Бұл заң жобасын дайындау барысында мемлекеттік органдар мен сарапшылардың, азаматтардың пікірлері ескерілді. Әсіресе, халықаралық тәжірибеге назар аудардық", - деді Нұрлан Ермекбаев брифинг барысында.

Министрдің айтуынша, сарапшылар мұндай шаралардың қолданылуы азаматтарды қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге көмектеседі.

"Расында мұның діни мәселелерге тікелей қатысы жоқ, бұл қоғамның қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Бірақ никаб, чадра, палаклава, паранджа сияқты киімдер құқық қорғау органдарына адамды анық көруге кедергі келтіреді. Осылайша бұл қоғамды қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің тиімділігін төмендетеді. Сондықтан да бұл норма ереже бұзушылықтардың алдын алу үшін енгізіліп отыр", - деп түсіндірді дін істері және азаматтық қоғам министрі Ермекбаев.

Cондай-ақ, министр мұндай нормалардың басқа елдердің заңнамасында қолданылып жүргенін айтып өтті.

"Мысалы, Бельгияда, Францияда және басқа да елдерде осылай. Бұл жоба адамдардың тыныштығы үшін керек және біздің заң жобамыз осы тәжірибені Қазақстанға енгізуді ұсынады", - деді министр Ермекбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети