09 ақпан 2018 13:16

"Ештеңе таппаса да, тегін тамақтанып қайтады" - Назарбаев бизнесті тексеретіндер жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бизнесті тексеретін бақылау органдарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бизнесті тексеретін бақылау органдарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов елдегі бизнесті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар жайлы баяндады. Сондай-ақ, ол бизнесті тексерудегі цифрландыру мәселесіне тоқталды.

"Біз жаппай жүргізілетін тексерістердің көлемін қысқарттық. Қазір басқаша тексерістерді жүргізіп жатырмыз, цифрландыруға қатысты", - деді Абылай Мырзахметов.

"Әр отырыс сайын біраз сөз айту керек. Барып тексеріп келу міндетті. Мысалы, өрт сөндіруші барып, оқиға орнын қарап шығып, ештеңе таппайды. Бірақ ол мейрамханада тегін тамақтанып қайта алады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Абылай Мырзахметов тексерістер кезінде жүргізілген заңбұзушылықтар айтарлықтай емес екенін айтады.

"Биылдан бастап және былтырдан бері өздігінен реттеу жүйесі енгізіле бастады. Яғни, сіздің тапсырмаңызбек тексерістерді белгілі бір ассоциациялар жүргізеді - кәсіпорындар жекеменшік ұйымдарға айналып, мемлекеттің орнына бақылау жүргізе алады. Мұндай тәжірибе бар", - деді Мырзахметов.

Осыған дейін Назарбаев кеңейтілген отырыс барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың баяндамасын тыңдап, өзіндік сынның жоқтығы жайлы айтқан еді. "Жақсы баяндадың, бірақ сын көзбен қарау керек", - деген еді Президент Сағынтаевқа.

Айта кетейік, кеңейтілген отырыс үкімет ғимаратында өтіп жатыр.

Назарбаев отырыстың жоспары мен баяндамалардың кезегі жайлы айтып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа сөз берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети