13 тамыз 2015 14:34

Есімовтің кеңесшісі "ЭКСПО-2017" компаниясына ауысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің кеңесшісі Сергей Куянов "ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясына ауысу үшін Алматыдағы жұмысын тастап, Астанаға көшуге дайындалып жатыр. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. Куянов соңғы екі жылда "Алматы" телеарнасын басқарып келді, алайда ол Есімовтің кеңесшісі қызметінде қала берді. Әзірше Сергей Куяновтың қандай қызметке баратыны белгісіз қалып отыр. Айта кетейік, "Алматы" телеарнасының бас директорының кім болатыны да белгісіз.

"Мен өзімнің отыратын қызметім жайлы ештеңе білмеймін, мен ертең сонда (Астанаға - Авт.) көшемін. Яғни өзім жұмыс істеп, өмір сүрген Астанаға қайтамын. Бүгін мен барлық істі тапсырдым... Ахметжан Смағұлұлымен телефон арқылы сөйлестім, ол "кел" деді. Қандай орында отыратынымды білмеймін, сонда көре жатармыз (...). Бұл жаңа әкімге (Байбек - Авт.) байланысты емес, мен онымен сөйлестім, ол өте сауатты адам. "ЭКСПО" қызықты әрі бірегей жоба. Меніңше, ішкі PR-ға емес, сыртқысына дайындалуым керек, яғни халықаралық жағына. Өзімді осы жерден көремін", - деді Куянов.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі өткен жексенбіде, 9 тамызда ауысқан болатын. "Нұр Отан" партиясының төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Байбек оңтүстік астанаға әкім болып келді. Ал Ахметжан Есімов "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар, Қазақстанда бірінші басшының жаңа жұмыс орнына өзінің қоластындағы бірнеше қызметкерді ауыстыра алатыны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети