19 қаңтар 2015 16:34

Еуразиялық банк жұмыстан шығарылған қызметкерді сотқа беруі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Еуразиялық банктің заң қызметі банктің бұрынғы қызметкері Татьяна Бурнакинаны сотқа беруі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еуразиялық банктің заң қызметі банктің бұрынғы қызметкері Татьяна Бурнакинаны сотқа беруі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"17 қаңтарда Еуразиялық банктің басшылығы орта деңгейдегі жетекші Татьяна Бурнакинаның шетелдік интернет-басылымына банкпен келісілмеген сұхбаты жайлы мәлімет алды. Банк басшылығы бұл сұхбаттың Бурнакинаның жеке көзқарасын білдіретінін мәлімдейді. Банктің басшылығы мен қызметкерлері оның пікірін қолдамайды және мұндай пікір айтуды өрескел деп санайды. Осыған байланысты Бурнакина ханымға банк басшылығының онымен еңбек қатынасын үзуі туралы шешімі хабардар етілді. Өз кезегінде банктің заң қызметі бұрынғы қызметкердің үстінен шағым түсіру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр", - делінген банктің Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында.

Еске сала кетейік, Еуразиялық банк "нормативтік құжаттардың ішкі талаптарын, оның ішінде Этика кодексі мен іскерлік тәртіпті бұзғаны үшін" орта деңгейдегі жетекшісі Татьяна Бурнакинамен қызметтік келісімшартты үзді. 

"Сонымен қатар, банк Бурнакинаның ішкі алаяқтық деректері болды делінген мәлімдемесінің дәлелсіз екенін хабарлауды жөн деп санайды. Қауіпсіздік қызметі ішкі тексеріс нәтижесінде сұхбатта Бурнакинаның мысал ретінде айтқан мәліметінің бұдан бұрын болған алаяқтық дерегін банктің қауіпсіздік қызметі анықтап, оны тергеуге құқық қорғау органдарының қатыстырылғанын анықтады. Барлық осы оқиғалар жайлы БАҚ-тарға өз уақытында хабарланды", - деді баспасөз өкілдері. 

Ресми мәлімдемесінде банктің басшылығы ішкі бақылау жүйесінің мәліметтерінің тиімді және шынайылығына сенім білдірді.

"Басшылық қосымша тексеріс жүргізді, оны қауіпсіздік қызметі мен ішкі аудит қызметі жүргізіп жатыр. Банк мәліметтердің ашықтығын және заңның сақталуын ұстанатынын ескертеді. Банктің қауіпсіздік қызеті заңбұзушылық деректері туралы мәліметті құқық қорғау органдарымен бірге тергейді", - деді Еуразиялық банктің өкілдері.

Еске сала кетейік, 16 қаңтарда Красноярск қаласында туған Татьяна Бурнакинаның сұхбаты жарияланды. Сұхбатта ол Қазақстан жайлы, елдегі жұмысының ерекшеліктері туралы айтып берді. Әлеуметтік желілерде бұл сұхбат сан алуан пікір тудырды - қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды: біреулер Бурнакинаның артық сөз айтқанын, ал екіншілері оның сөзінде шындық бар екенін жазды. Бұдан кейін Еуразиялық банк онымен еңбек келісімшартын үзгенін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети