24 қараша 2014 15:40

Еуропа мен Ресейдің санкциялық текетіресі ешкімге пайда әкелмейді - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS

Еуропа мен Ресейдің санкциялық текетіресі ешкімге пайда әкелмейді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еуропа мен Ресейдің санкциялық текетіресі ешкімге пайда әкелмейді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілшілердің сұрағына жауап беріп жатып, Нұрсұлтан Назарбаев Чехия президентімен талқыланған мәселелер жайында қысқаша айтып өтті. "Таяу Шығыстағы лаңкестік мәселесін ғана талқылаған жоқпыз, сонымен қатар украин тақырыбын, дағдарысты, Еуропа мен Ресейдің тараптарға еш пайдасын әкелмейтін санкциялық текетіресі жайлы талқыладық. Жалпы, экономика саясатпен байланыспауы керек, мұндай санкцияларды мемлекет те емес, мемлекеттер тобы да емес, БҰҰ қоюы керек. 2007-2009 жылдардағы қауіпті дағдарыстан енді ғана шығып едік, енді тағы да сол дағдарысқа түстік", - деді Назарбаев. 

"Меніңше, Земан мырза екеуіміз мұның бәрі де тез аяқталып, әріптестік басталғанын тілейміз. Менің идеям Еуропа мен Азияның, яғни Еуразияның бір ортақ нарық болып, игілік үшін жұмыс істеуі керектігіне негізделген. Біз осыны ғана тілейміз, тыныш әрі бейбіт жағдайдың болуына мүмкін болғанның бәрін жасаймыз", - деді ол.

Өз кезегінде Чехия президенті Милош Земан: "Шетелдік саясат саласында көзқарастардың 100 пайызға сәйкес келетінін айтқым келеді" деп мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети