27 қазан 2014 12:01

Еуропаның Қазақстанға сотталғандарды беру мәселесі орнынан жылжыды - Меркель

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иоган Меркель. ©ortcom.kz Иоган Меркель. ©ortcom.kz

ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель сенаторларға Еуропада сотталған қазақстандықтарды экстрадициялау ісі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель сенаторларға Еуропада сотталған қазақстандықтарды экстрадициялау ісі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Сенатында "Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы сотталған азаматтарды беру туралы келісімшартты ратификациялау туралы" заң жобасын талқылау барысында Меркель Қазақстанның жыл сайын Еуропалық одақпен тиісті келіссөз жүргізетінін айтты.

"Бұл бізге осы мәселені орнынан қозғалтуға мүмкіндік берді, бұрын азаматтарды мүлдем бермейтін, қазір басқаша, жуырда ғана Германия азаматтарды қайтарды. Қазір Испаниямен арада Павлов бойынша (БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың күзет қызметінің бұрынғы бастығы Александр Павлов болуы керек - Авт.) мәселе шешіліп жатыр, ал француздарға біздің арызымыз жетпеді. Демек, бұл мәселе орнынан жылжи бастады: биыл біз Германияға олардың есірткі үшін сотталған адамын бердік, Швейцария бізге жуырда ғана азаматтарды берді, Испания бізге кісі өлтірген адамды берді, біз оны осында уақытша соттап, испан соты тағайындаған жазаны өтеу үшін қайтадан қайтардық. Қазір ол Қазақстан соты тағайындаған жазаны өтеп жатыр. Тұтас алғанда, сіздерге жағдайдың жаман емес екенін айтқым келеді", - деді ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары. 

Меркель журналистерге Мұхтар Әблязов ісіне қатысты түсінік беруден бас тартты. "Сіздер менен сұрайсыздар, мен француз сотымын ба?" - деді ол. Меркель "Егер Әблязов РФ-ға экстрадицияланса, Ресей оны Қазақстанға бере ме?" деген сауалға да жауап бермеді.

Дегенмен ол Қазақстан мен Ресей арасында сотталған азаматтарды беру туралы келісім бар екенін растады. Сенаттағы отырыс барысында Меркель еліміздегі түрмелерде 2,4 мыңға жуық шетелдік жаза өтеп жатқанын айтты. "Қазақстанға бұл адамдардың бәрінің өз отандарында жаза өтегені тиімді, оларды өз бюджеттері қамтуы керек", - деді Меркель.

Оның айтуынша, Қазақстанда қылмыс жасаған шетелдіктерді өз елдерінің бәрі бірдей қабылдай бермейді. "Қырғыз Республикасы ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келетінін алға тартып, бәрін бірдей қайтарып ала бермейді. Ресей өз азаматтарын жақсы қабылдайды: биыл 49 адамды бердік. Бұль 49 адамның есебінен бюджетіміз 160 миллион теңгеге жуық қаражатқа үнемделеді", - деді Бас прокурордың бірінші орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін Франция сотының БТА банкі басшысы Мұхтар Әблязовті Мәскеуге экстрадициялау туралы өтінішті қанағаттандырғаны хабарланған еді. Ол 2013 жылы Ниццада ұсталған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети