22 тамыз 2014 11:28

Фармацевтер автокөлік қобдишасындағы жаңа дәрілерге қарсы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews.kz ©tengrinews.kz

Отандық фармацевтер автокөліктің дәрі қобдишасына кіретін заттарды қайта қарап шығуға кеңес беріп отыр, - деп хабарлайды "Жетінші арна". Олар Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне үндеу жолдап, жаңа бұйрықтың күшін жоюды сұрады.


Отандық фармацевтер автокөліктің дәрі қобдишасына кіретін заттарды қайта қарап шығуға кеңес беріп отыр, - деп хабарлайды "Жетінші арна". Олар Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне үндеу жолдап, жаңа бұйрықтың күшін жоюды сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін министрліктің медициналық және фармацевтикалық қадағалау комитеті автокөліктің дәрі қобдишасына кіретін заттарды бекіткен болатын. Тамыздың 17-сі күні арнайы бұйрық күшіне енді. Оған сәйкес, енді әрбір көлік жүргізушінің дәрі қобдишасында валидол, нитроглицерин, кеторолак, парацетамол, хлоропирамин, валериана, сульфацетамид, йод, хлоргексидин, бинт, мақта, қайшы және тағы бірқатар заттар болуы міндетті. 

Алайда отандық фармацевтердің айтуынша, кейбір препараттар адамның денсаулығы мен өміріне кері әсер етуі әбден мүмкін. Олар адамды есеңгіретіп, ұйқышыл етеді, тіпті қансырауды күшейтеді. "Оған "Б" тізіміндегі қатты әсер ететін препараттар жатады. "Кеторолактың" зардабы күшті, ол қансырауға себеп болады. Егер көлік апаты болып, адам жарақаттанып, қан ақса,"Кеторолак" қансырауды одан да бетер күшейтпей ме?!", - деп мәлімдеді Қазақстандағы фармацевтикалық қызметті дамыту және қолдау қауымдастығының президенті Зурият Сыбанқұлова. 

Фармацевтердің пікірінше, дәрі қобдишасына кіретін заттардың тізіміне ондай препараттарды қосуға болмайды. "Біз сарапшылар кеңесінің мүшелері болып саналамыз. Міне, біздің ұсыныстарымыз. Олар бұның бәрін бізбен келісіп алу тиіс еді. Мен түсінбеймін, Әділет министрлігі оны қалай өткізген?..Біздің ескертулерімізді мүлдем қарамаған", - дейді Сыбанқұлова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети